Зерттеу 2021 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін бірнеше кезеңде өтті:
- Мектептердің жағдайын объективті түрде бағалау үшін мектептер мемлекеттік органдарға беретін есептерді жинақтау мен анализдеу;
- Білім саласында жұмыс істейтін сарапшылар мен мамандармен Индекс әдістемесі жайында консультациялық кездесулер өткізу;
- Жоба консультанттарының кері байланысының негізінде Индекс әдістемесін әрі қарай дамыту;
- Статистикалық деректерді жинау үшін әр зерттеліп жатқан елден координаторларды қатыстыру;
- Мектеп деңгейінде статистикалық ақпараттың жоқтығына байланысты Өзбекістан және Тәжікстан елдерінің сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен терең сұхбат өткізу;
- Қазақстан мен Қырғызстанда жиналған деректер негізінде мектеп жағдайларының сапасын көпшілік тарапынан бақылау құралы ретінде қолдануға болатын Калькуляторды құрастыру;
- Қазақстан мен Қырғызстанда Индекс нәтижелерімен жабық эксперттік кездесулерде таныстыру;
- Зерттеу нәтижелерін желіде жариялау.
Сапалы орта білім қолжетімділігіндегі теңсіздік Индексі Индекстің екінші нұсқасы зерттеу үшін таңдалған мектептердің жеке бағалауына негізделген. Мектеп деңгейіндегі талдау білім беру ұйымдарындағы теңсіздіктің тереңдігін бағалауға және ресурстардың қолжетімділігіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Индекске сүйене отырып, белгілі бір оқу орнының оңтайлы мектеп үлгісіне қаншалықты жақын екендігін бағалай алатын калькулятор әзірленді.
НӘТИЖЕЛЕР МЕН КАЛЬКУЛЯТОР