Индекс есептеуінің әр ел бойынша нәтижесі қандай?
Қазақстан мен Қырғызстан Индекс нәтижесін екеуіне әртүрлі көрсеткіштер жүйесі қолданылғандықтан салыстыруға болмайды.
1. Қазақстан:
Зерттеу нәтижелерінің орта ұпайы – 352 ұпай (ең жоғары көрсеткіштің 70%). Ең жоғарғы 500 ұпайды бір де бір мектеп жинаған жоқ. Теңсіздік тереңдігі: ең жақсы мектептердің 10% ең нашар мектептердің 10%-нан 1,7 есе жоғары жинады. Индекс нәтижесі мен тұрғылықты жер типі, оқыту тілі, тұрғылықты жердің облыс орталығынан қашықтығы және тұрғындар саны арасында корреляция бар екені анықталды.
Толығырақ 2. Қырғызстан
Зерттеу нәтижелерінің орта ұпайы – ең жоғарғы 500-ден 229 (45%). Ең аз ұпай – 500-ден 73 ұпай (ең жоғары көрсеткіштің 14,6%), ең жоғарғы баға – 500-ден 387,5 ұпай (77,5%). Теңсіздік тереңдігі: ең жақсы мектептердің 10% ең нашар мектептердің 10%-нан 2,5 есе жоғары жинады.
Толығырақ Калькулятор Сіз мектебіңіздегі жағдайдың оңтайлы жағдайға қаншалықты жақын екенін түсіну үшін Калькуляторды қолданып көруіңізге болады. Нәтижелерге сүйене отырып, сіз мектеп әкімшілігіне немесе жергілікті атқарушы органдарға мектеп жағдайын жақсарту жайлы сұраныс жолдай аласыз.