Зерттеу | 2025

Демократия сынағы: қазақстандықтардың саяси таңдауына жүргізілген квазиэксперимент

ӘЛИЯ ТІЛЕГЕН, АНАСТАСИЯ РЕШЕТНЯК, ДАРИНА ДӘУЛЕТБЕК, АЛДИЯР АУЕЗБЕК, СЕРІК БЕЙСЕМБАЕВ

2023-2024 жылдары жүргізілген қазақстандықтардың саяси құндылықтарын зерттеуімізге сәйкес, қазіргі саяси жүйе қазақстандықтардың нақты саяси қалауларының бір бөлігін ғана көрсетеді. Талдау көрсеткендей, елдегі плюралистік орта жағдайында әртүрлі әлеуметтік және құндылық топтарының мүдделерін білдіруге қабілетті жаңа саяси күштер мен қозғалыстар пайда болуы мүмкін еді.

Зерттеу нәтижелері біздің гипотезамызды растады: қоғамда билікке, азаматтардың саясатқа қатысуына, мемлекеттің экономикадағы рөліне, сондай-ақ мәдени және гендерлік теңдік мәселелеріне әртүрлі көзқарастағы тұрақты кластерлер бар.

Бұл нәтиже бізді маңыздылығы жағынан кем түспейтін жаңа сауалға жетеледі: егер аталған кластерлер шынайы демократиялық жүйеге орналастырылса, қалай әрекет етер еді? Кластерлердің саяси мінез-құлқын зерттеу үшін біз парламент сайлауын модельдеу түрінде квазиэкспериментті қолдандық.

Зерттеуіміз Қазақстанның демократиялану мүмкіндіктерін, сондай-ақ демократиялық тетіктерді еліміздің қазіргі жағдайына бейімдеу жолдарын нақты талқылауға мүмкіндік береді деп санаймыз. Алынған нәтижелер елдегі саяси өкілдіктің және азаматтардың қатысуының болашағы туралы кәсіби пікірталастар мен кең қоғамдық рефлексия үшін негіз болады деп үміттенеміз.
Читайте также
РАССЫЛКА