– Бұл жоба неге маңызды және негізгі мәселені қалай тұжырымдыңыз?
– Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін 2021 жыл – символикалық дата, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Сондықтан артқа қарап, қай жолды басып өткенімізді және қайда жүру керектігін түсіну өте маңызды. Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы, оның таным-түсінігі саяси элитадан жоғарыдан түсіп, белгілі бір оқиғалар көріктендіріледі, не әсерленеді, ал кейбіреуі қоғамнан жауып тасталынады, бұл үлкен мәселе. Ел тарихын интерпретациялау көбінесе қазіргі биліктің заңдылығын дәлелдеу күресімен тікелей байланысты.
– Осы үрдіске кім жауапты?
– Бұл бір-бірімен, билеуші режиммен тығыз байланысты адамдардың өте тар шеңбері, және олардың азаматтардың басым бөлігінен өзгеше тәжірибесі бар. Жады саясатының бағытын анықтауда билік өткеннің жағымды әңгімелерін насихаттау үшін әртүрлі әкімшілік ресурстарды пайдаланады. Біз қарапайым азаматтардың тәжірибесін білмейтін жағдай туындады, сондықтан біздің жоба ұжымдық жадыны қалыптастыруға қатысатын адамдар шеңберін кеңейтуге бағытталған - бұл процесті жоғарыдан төменге емес, керісінше, төменнен, қарапайым қазақстандықтардың өз тәжірибесінен, естеліктерінен шығару керек. Мемлекеттік идеологтардың жалықпай айтып жүрген жетістіктері әңгіменің бір парасы ғана. Алайда қарапайым халық бұған қаншалықты келіседі? Ресми биліктің мақтан тұтатын жеңістіктері шын мәнінде олардың өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне ықпал етті ме? Осы сұрақтарға жауап іздейміз. Өйткені, азаматтар тәуелсіздігіміздің тарихындағы қиын-қыстау сәттерін есте сақтаса да, бірақ пікірталастар әлеуметтік желі, сарапшылар қауымы, не отбасы мен достары арасынан шықпайды. Бірақ олар ұжымдық жады құрудың негізгі элементі болып табылады.
– Сіздің ойыңызша, элита тарихи жадыны монополиялау үшін қолданатын тетіктер қандай?
– Көбінесе бұл – түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттар, Президент жолдаулары, халықаралық және мемлекеттік платформаларда сөйлеген сөздер, мемлекет бақылауындағы БАҚ, мектеп пен университет тарих оқулықтары – бәрі де біздің жаңа тарихымыз туралы ресми баяндайды. Мемлекеттік мекемелердің ұсынысымен жасалатын мұражайлардағы, мәдени ескерткіштердегі, кітаптардағы, фильмдердегі, музыкалардағы экспозициялар да жады саясатының құралы болып табылады.
– Сіз айтып отырған идеологияландыруды саралайтын болсақ, ол жалпы жастарға қаншалықты әсер етеді? Кеңес үкіметі таратқан «Көшбасшымыздың арқасында нұрлы болашаққа қадам басып келе жатырмыз» дегенді біздің үкімет те тарата ма?
– Оның қаншалықты тиімді екенін айту қиын. Бұл идея күшін түсіну үшін бөлек ауқымды зерттеу қажет. Бірақ қоғамдық пікірталастың ғаламтордағы демократиялық алаңға шығуы, әлеуметтік желілерде әртүрлі тәуелсіз платформалардың дамуы мен таралуы – жастардың жоғарыдан келетін әңгімелерге сыни көзқараспен қарауына әсер етті деп нақты айта аламын. Зерттеу жұмысымызда әртүрлі буын өкілдерімен фокус-топтар жүргізілсе, 21 жасқа дейінгі жас буын елде болып жатқан оқиғалардан хабардар екенін, саяси сауаттылығын және шындықты білуге құштарлығын көрсетті.
– Ұжымдық жадымызды сурет ретінде қарастырсақ, оның тұтас болуына не жетіспейді?
– Біз әлі жұмысты аяқтаған жоқпыз, бірақ ресми баяндауда анық жетіспейтін кейбір үлгілер мен олардың интерпретациялары туралы қазірдің өзінде айта аламыз. Мысалы, 90-шы жылдардағы күрделі экономикалық жағдай және президенттік билік күшейіп, тепе-теңдік жүйесі бұзылған кездегі 1995 жылғы Конституцияның өзгеруі, Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы және оның жойылуы, белгілі оппозицияға жасалған қастандықтар, Жаңаөзендегі оқиғалар, оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстар, терактілер және басқа да оқиғалар.
– Мәселе келтірген зақыммен жұмыс істеу деген бар, оны психологтар жеке терапияда қолданады. Осы ереже қоғамға да қатысты бола алама?
– Иә, зақымды өңдеу метафорасы зерттеулерде жиі қолданылады. Өңдеу қоғамда қиын оқиғаның себептерін, сондай-ақ осы оқиғаға кім жауапты екенін түсіну және қабылдауды қамтиды. «Емделмеген жарақаттың» өзі қоғамды айтарлықтай ажырататынын түсіну маңызды, өйткені біреу өз елінде ешқашан саяси тұтқындар болмаған деген сеніммен өмір сүреді, ал біреу күлкілі жаңалықтар үшін қудалаудан қорқады. Сол үшін тұтас, үйлесімді қоғам құру өте қиын. Сондықтан өткенді өңдеудің басты мақсаты – елдің болашағы құрылатын негізгі көзқарастар мен құндылықтарды анықтау. Бір жақсысы, егер мемлекет қоғаммен диалогқа түсуге және тарихтың қиын сәттері үшін жауапкершілігін мойындауға дайын болса, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейінің артуына ықпал етеді.
– Зерттеудің нәтижесі қандай болады?
– Жұмысымыздың нәтижесі аналитикалық жұмыс болмақ. Біз қазақстандықтардың ойынша тәуелсіздіктің не екенін және азаматтар тәуелсіздіктің басты нышандарын қалай анықтайтынын түсінуге тырысамыз. Сондай-ақ, біз тәуелсіз Қазақстанның тарихына әсер еткен қандай оқиғалар мен тұлғалардың ерекшеленгенін немесе керісінше, азаматтардың ұмытып кеткендерін анықтауға тырысамыз. Осылайша, біз Қазақстанның соңғы 30 жылдық тарихын еліміздің қарапайым азаматтарының призмасы арқылы көрсетуге тырысамыз және, әрине, бұл туралы ашық пікірталастар жүргіземіз.