Қазақстанда тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде ел тарихының ресми нұсқасын тек мақтан тұтарлық, қателіктерді, қақтығыстарды және күйзеліс сәттерін ескермейтін тарих ретінде насихаттау тәжірибесі қалыптасты. Қоғамдық ортада қалыптасқан мұндай мемлекеттік нарративтің үстемдігі тарихтың ресми нұсқасы шынымен де қоғамда тамыр жайып, ұлттық бірегейлікті құрудың негізгі элементтерінің бірі болады дегенді білдірмейді.
Тарихтың тек «дұрыс» және рұқсат етілген нұсқасын талап ете отырып, мемлекет бұл нарративтерде өз орнын таба алмаған азаматтар тобын талқылаудан шығарады. Қоғам мүддесіне сай келмейтін мұндай үрдіс тарихты зерделеуді және қайта түсінуге мүмкіндік беретін үздіксіз қоғамдық диалогты қалыптастыруды қажет етеді. Ұлтына, тілді меңгеруіне және тарихи білім деңгейіне қарамастан, «төмендегі» адамдардың қатысуымен көлденең диалог құру маңызы артады. Сәйкесінше, ортақ тарихтың қиын сәттерін ауыздықтамай, қоғамды біріктіруге берік негіз болатын диалогтың қажеттілігі туындайды.