Бұл аналитикалық жазба ESG-инвестициялау қағидаттарының Қазақстандағы енгізу ерекшеліктеріне арналған. ҚР-дағы «Бір белбеу, бір жол» жобаларындағы қытайлық компаниялардың іс-әрекеттеріне негізделе отырып, шетелдік инвесторлармен жасалатын жұмысты не себепті өзгерту керектігі, әрі ESG-қағидаттарының құқықтың аспектілерін қадағалау мен оның іске асырылу маңыздылығы талқыланады.
Құжат «Ашық қоғам» қорының қолдауымен PaperLab қоғамдық қорының тобы 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлар аралығында өткізген «Қытайдың Қазақстандағы қатысуы қалай қабылданады: басқарушылық, әлеуметтік, және экологиялық өлшемдерді талдау» атты зерттеудің нәтижелері бойынша дайындалды. PaperLab-тың осы жобасының мақсаты – кейс-стади арқылы жергілікті қоғамдастықтардың қорқыныштары мен компаниялардың саясаты, мемлекеттік саясаттың, және өңірлердегі қоғам мен бизнеспен қарым-қатынас стратегияларының салыстырылуын зерттеу.