«Жаңа» Қазақстандағы экономикалық бағыт: әлеуметке бұрылу немесе популизм?

ШЫҒАРЫЛЫМ 2, 05.03.2021
Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан билігі экономикадағы өзгерістердің орын алатынын жариялады. Президенттің жуырда өткен ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде азаматтардың табысындағы үлкен алшақтық пен бизнеске қатысты қалыптасқан непотизмнің себептері, және осындай жағдайды келешекте болдырмау туралы тезистер айтылды.

Адал бәсекелестік пен ашықтық қағидаттары, сондай-ақ кәсіпкерлер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі атап өтілді. «Самұрық-Қазына» қорын реформалау, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру, үнемдеу мөлшерлемесін қайта қарау бойынша келешегі зор бастамалар айтылды.

Бірақ шикізатқа бағытталған экономиканы және саяси институттардың сапасын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуы мүмкін бе? Берілген уәделердің азаматтардың үкіметке деген сенімін арттыруға бағытталған популизм ғана еместігін қарастырған жөн.

Пікірталасқа Шолпан Айтенова, Сергей Домнин және Аякөз Ханетова қатысты. Модератор – Серік Бейсембаев.
Подкаст эпизодтары PaperLab пікірталас алаңында жазылады, ол ашық, тәуелсіз сарапшылық талқылаулар үшін жағдай жасауға бағытталған.
Басқа шығарылымдар
Жаңа шығарылымдардан хабардар болу үшін жазылыңыз
РАССЫЛКА