Әлеуметтік байланыстар
PaperLab мәліметтері бойынша, сұхбаттар мен фокус-топтық пікірталастарда респонденттер қатысушылар мен тәлімгерлер арасындағы байланыстың бірте-бірте әлсіреп, жойылып кететінін сипаттады. Респонденттердің жауаптарына қарағанда, сарапшылар қатысушылар арасында тұрақты жалпы корпоративтік орта қалыптаспағанын айтады. Бұл әртүрлі қалалар мен ауылдардан келген қатысушылар кездесуге немесе танысуларын жаңартуға болатын жалпы шаралардың аздығына байланысты.
«ZhasProject жобасы жобадан кейінгі қолдауды және алдыңғы раундтардың тәжірибесін қамтыған жоқ. Жақында гранттық бағдарламаны аяқтаған соңғы турдың бенефициарлары онлайн оқытудың нәтижесінде команда аралық өзара әрекеттесуде ең пассивті болып шықты. Әлеуметтік байланыстарға бенефициардың командадағы рөлі және жобаның тұрақтылығы әсер етеді. Ең күшті әлеуметтік байланыстарды өз жобаларын жалғастыратын топ жетекшілері, не бенефициарлар көрсетеді. Бенефициарлардың әлеуметтік байланыстарын кеңейту тек тәлімгерлермен және басқа қатысушылармен қарым-қатынас жасау ғана емес. Тереңдетілген сұхбат барысында кейбір бенефициарлар жастар ресурстық орталықтарында, жергілікті әкімдіктерде, «Атамекен» бөлімшелерінде пайдалы байланыстар жасағанын зерттеу жазбасының авторларымен бөлісті.
Сарапшылар NEET мүшелері мен осал жастардың әлеуметтік байланыстарына үлкен әсер бар екенін де атап көрсетеді. Бенефициарлардың дәл осы санаттары, олардың пікірінше, жобаның қалған қатысушыларымен өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетеді:
- осал жастар: ұжыммен жиі араласады – 71%, басқа ZhasProject қатысушыларымен – 28,5%;
- NEET санаты: ұжыммен жиі араласады – 73%, басқа қатысушылармен – 30,3%.
Зерттеушілер қауымдастықтың қатысуы туралы келесілерді жазады:
«Қатысушылардың басым көпшілігі (91%) елді мекеннің (қаланың/ауылдың) өзекті мәселелерін түсінеді. 58% бұл мәселелерді шешуге жеке ықпал ету мүмкіндігі бар деп есептейді. Әрбір екінші адам әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысатынын айтты.
Қоныстану факторы бенефициарлардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысу деңгейін қабылдауына да әсер етеді. Ауыл тұрғындары өздерінің мәселелерді шешуге қатысуын қала тұрғындарына қарағанда жоғары бағалайды. Бәлкім, ауылдағы тығыз қоғамдық қарым-қатынастың арқасында бенефициарлардың ауылдың әлеуметтік өміріне араласуына қолайлы жағдай жасалып жатқан шығар.
Бенефициарлар арасында қайырымдылық (30%), сенбіліктер (30%), спорттық ойындар (28%) сияқты әлеуметтік қызметтің институционалдық емес нысандары танымал, олар уақыт бойынша шығыны аз, ситуациялық және минималды ұйымдастырылған және рәсімделген, жылдам нәтижелер мен нақты пайда алып келеді.
«...ай сайын бір қорап азық-түлік тарататын "Атадан Мирас" қоры бар. Мен оларға таратуға, жеткізуге көмектесемін. Қордың "Ең жақсы күн" бағдарламасы бар, онда ата-анасыз қалған балаларды қуантады. Олар түрлі іс-шаралар ұйымдастырады» (ер, 28 жаста, Маңғыстау облысы, 2 топтағы мүгедек).
«Бізде 30-40 адамнан тұратын WhatsApp тобы бар. Кейде барлық ақшаны жинап, мұқтаж адамдарға көмектесеміз. Біздің ауылда әлі газ жоқ, тек жүргізіп жатыр. Ал қыста қатты отын ала алмайтын отбасыларға сатып аламыз» (ер, 26 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысы, ауыл тұрғыны).
PaperLab зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, төрт жыл ішінде ZhasProject 2,7 мың әлеуметтік жастар бастамасын қаржыландырған, олар еліміздің барлық аймақтарында қалалық және ауылдық деңгейде сәтті жүзеге асырылған. Жобаны 8,9 мың жас бітірді.
«ZhasProject жобасы жастардың позитивті дамуы қағидаттарын мойындай отырып, халықтың осал топтарын қолдау мен оқытудың тиімді құралын құру мақсатында әзірленді. Оның басты ерекшелігі – мақсатты аудиторияны әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тудырып, жүзеге асыруға қабілетті, жергілікті қауымдастықтың игілігі үшін жемісті жұмыс істейтін толыққанды субъект ретінде тану. Сонымен бірге, жобаның білім беру бағыты нақты бақыланады, бұл бенефициарларға әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру арқылы жеке қиындықтарды шешуге, кәсіби дамуға, іскерлік дағдыларды меңгеруге, іскерлік этиканы дамытуға және қамқорлықты үйренуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады зерттеушілер.