Зерттеу. Paperlab Internships | 2026

Кеңестік тарихты қайта қарау және елдегі музей саясаты: отарсыздануға не кедергі?

ҰЛЖАН ЕРЖАНҚЫЗЫ


Қазақстандағы кеңестік кезеңге қатысты жады саясаты (memory politics) айтарлықтай амбивалентті сипатқа ие. Ресми билік тоталитарлық жүйенің репрессия мен ашаршылық секілді ауыр қылмыстарын айыптағанымен, сонымен қатар сол кезеңнің «модернизациялық жетістіктерін» де мойындауға негізделген теңгермелі ұстанымды сақтап келеді. Айта кетерлігі, соңғы жылдары қабылданған стратегиялық құжаттардың ешбірінде «отарсыздану» немесе «деколонизация» терминдері қолданылмайды. Бұл мемлекеттің мәдени-гуманитарлық саланы (медиа, кино, өнер) бұрынғы метрополияның идеологиялық ықпалынан арылтуға бағытталған бірізді стратегиясының жоқтығын айқын көрсетеді.

Постотарлық ел ретінде Қазақстан үшін тарихты қайта қарау мен деколонизациядан өту — мемлекеттік егемендікті нығайтудың алғышарты. Бұл процесс толыққанды жүрмейінше, қоғам отарлық санадан арылмай, азаматтық тұрғыдан пассивті күйде қала бермек. Осы ретте тарихты интерпретациялайтын негізгі институттардың бірі — музейлердің рөлі стратегиялық маңызға ие. Алайда, қазіргі отандық музейлер сыни пайым қалыптастыратын еркін диалог алаңына айналудың орнына, көбіне жәдігерлерді механикалық түрде экспозициялаумен шектеліп, тарихи процесстерді талдауда бейтараптық танытуда. Соның салдарынан музей саясаты қоғамдық сананы трансформациялауға қауқарсыз болып отыр.

Бұл зерттеуде тарихи нарративті деколонизациялау мәселесі Карлаг музейі кейсі негізінде қарастырылады. Музей қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдерімен жүргізілген сұхбаттар арқылы және ресми құжаттарды талдау арқылы елдегі жады саясатын жүзеге асыру тетіктеріне талдау жасалды.

Читайте также
РАССЫЛКА