Бұл аналитикалық жазба қытайлық инвестжобаларлың экологиялық жауапкершілік қағидасының іске асырылуына және жергілікті қауымдастықтардың шешімдерді қабылдау үрдісіне қатысу тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне арналған. Берілген басқарушылық ұсынымдар Қазақстандағы жергілікті қауымдастықтардың шетелдік (әсіресе, қытайлық) компанияларға деген ксенофобиясын төмендетуге бағытталған.
Құжат «Ашық қоғам» қорының қолдауымен PaperLab қоғамдық қорының тобы 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлар аралығында өткізген «Қытайдың Қазақстандағы қатысуы қалай қабылданады: басқарушылық, әлеуметтік, және экологиялық өлшемдерді талдау» атты зерттеудің нәтижелері бойынша дайындалды. PaperLab-тың осы жобасының мақсаты – кейс-стади арқылы жергілікті қоғамдастықтардың қорқыныштары мен компаниялардың саясаты, мемлекеттік саясаттың, және өңірлердегі қоғам мен бизнеспен қарым-қатынас стратегияларының салыстырылуын зерттеу.