Making New Experts 2.0. Тренинг «Теледидар / бейне сұхбаттасу дағдылары»
2019 жылдың 12 шілдесінде PaperLab зерттеу орталығы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп «Making New Experts 2.0» жобасының екінші маусымын бастады. Жобаға қатысушылардың жаңа легі өте жарқын және жан-жақты болды: денсаулық сақтау, киберқауіпсіздік, адам құқықтары, этносаралық және діни қатынастар, психология, гендерлік саясат, генетика және ұлттық құрылыс саласындағы сарапшылар қосылды.
Тәлімгер: Михаил Дорофеев – журналист, PR-маман, informburo.kz және «InformБЮРО Мегаполис» газетінің бас редакторы
Михаилдің міндеті қатысушыларға БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнатуға қажетті практикалық дағдыларды беру болды.
Қатысушылар:
журналистермен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін білді: қандай ақпарат бөлісуге болады, не болмайды;
телевизиялық сұхбаттарды, БАҚ үшін түсініктемелерді, бейнекөрсетілімдерді дайындау және жүргізу дағдыларын алды;
іс жүзінде журналистер тарапынан арандатушылық пен қысым жағдайында мінез-құлық үлгілерімен танысты.
“
Тренинг маған ұнады, өйткені мен көптеген жаңа және ең бастысы, медиа әлем құрылымы туралы, сонымен қатар сарапшы дайындаған контенттің «медиа» мазмұны туралы пайдалы ақпарат алдым.