Making New Experts 1.0. Тренинг «Зерттеушілерге арналған сторителлинг»
«Making New Experts» жобасының бірінші маусымын PaperLab зерттеу орталығы Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесіп өткізді. Жобаның негізгі мақсаты – өз салаларында білімге негізделген көзқарасты ілгерілете алатын, қоғамдық салада жаңа тұлғалардың пайда болуына ықпал ету. Бірінші ағымға саясаттану, экономика, жыныстық тәрбие, әлеуметтану, БАҚ, халықаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер қатысты.