Жаттықтырушы: Ирина Юсупова, психолог.
Тренинг үшінші маусым бағдарламасындағы психология тақырыбын қамтыды. Қатысушылар мен тәлімгерлер психология туралы, кейін қоғамдық белсенділікті дамытуға кедергі факторларды талқылады. Жаттықтырушы сонымен қатар қоғамдық алаңда болу үшін қажетті мотивация деңгейін сақтауға және ұзақ мерзімді перспективада медиаконтент жасауға көмектесетін әдістер туралы айтты.
Тренинг барысында қатысушылар: ● Жоба барысында пайда болған қиындықтар туралы әңгімеледі
● Өнімділікті арттырудың әдістерімен бөлісті
● Журналистермен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас орнату жолдарын талқылады