Мұнда кластерлердің зерттеуде қарастырылған негізгі мәселелерге деген көзқарастары, сондай-ақ олардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша салыстыруы ұсынылған.
Саяси жүйе мен азаматтық еркіндік Президенттік биліктің есеп беру мәселесінде авторитар лоялистер айқын ерекшеленеді, олардың 82%-ы «күшті билеушіні» жөн көреді. Прогрессив реформаторлар мен скептик конформистер есеп беретін басшыны таңдайды. Құбылмалы абсентеистер есеп беретін басшыны көбірек бағалағанымен, нақты жауап беруге қиналады (42%).
Президенттік биліктің есеп беруі
Прогрессив реформаторлар әкімдер сайлауын толықтай қолдайды (100%). Этноцентрист консерваторлар мен скептик конформистер де негізінен бұл пікірді жақтайды. Құбылмалы абсентеистер бұл мәселеде нақты шешімге келе алмаса да, кластердің көпшілігі облыстар мен ірі қалалар әкімдерін азаматтар сайлауы керек деген пікірмен келіседі (62%). Әкімдер сайлауын ең аз қолдайтындар – авторитар лоялистер (41%) және либерал прагматиктер (40%).
Әкімдерді сайлау
Бейбіт жиынға шығу құқығы мәселесі прогрессив реформаторлардың демократиялық институттарға бейілдігін көрсетті (92%). Скептик конформистер, керісінше, мемлекет азаматтардың митингіге шығу құқығын қамтамасыз етуі керек деген пікірмен келіспейді (51%). Басқа топтар да бейбіт жиналыстар еркіндігін айқын қолдамайды, әсіресе құбылмалы абсентеистер арасында анықталмағандардың үлесі дерлік жартысына тең.
Бейбіт жиынға шығу құқығы
Экономикалық модель мен мемлекеттің рөлі Скептик конформистердің басым көпшілігі мемлекет азаматтардың әл-ауқатына жауапты болмауы керек деп есептейді (91%). Либерал прагматиктер де бұл пікірмен көбіне келіседі (60%). Бұл мәселеде қарама-қарсы көзқарасты прогрессив реформаторлар ұстанады (71%-ы мемлекет жауапкершілікті өз мойнына алуы керек деп сенеді). Авторитар лоялистер бұл мәселеде дерлік тең екіге бөлінген.
Материалдық жағдайға жауапкершілік
Либерал прагматиктер бизнесті жекешелендіруді сенімді түрде қолдайтын жалғыз топ болып шықты (71%). Ал прогрессив реформаторлар мен авторитар лоялистер, керісінше, мемлекеттендіруді қолдайды (сәйкесінше 87% және 83%).
Кәсіпорындарды мемлекеттендіру
Бағаны реттеу мәселесінде либерал прагматиктер нарықтық баға қалыптастыруды басым түрде қолдайтын топ болып табылады (83%). Қалған кластерлердің пікірінше, мемлекет бұл процеске араласуы қажет. Бұл мәселеде құбылмалы абсентеистердің арасында анықталмағандардың үлесі аз, ал 66%-ы реттеуге қолдау көрсетеді.
Бағаны реттеу
Әлеуметтік-мәдени құндылықтар және кімдік Қазақстан қоғамының әлемге ашықтығы мәселесінде күмәнмен қарайтындар – этноцентрист консерваторлар, олардың 71%-ы бұл ұлттық ерекшелік пен дәстүрлерді жоғалту қаупін тудырады деп есептейді. Прогрессив реформаторлар мен авторитар лоялистер, керісінше, әлемге ашықтықты және басқа елдердің озық тәжірибелерін қабылдау мүмкіндігін жоғары бағалайды (сәйкесінше 85% және 73%). Құбылмалы абсентеистердің үштен бірінен астамы бұл мәселеде нақты шешімге келе алмады.
Әлемге ашықтық
Этноцентрист консерваторлардың көпшілігі қазақтар басқа этностарға қарағанда көбірек құқық пен артықшылықтарға ие болуы керек деп есептейді (81%). Қалған топтар бұл мәселеде қарама-қарсы пікірді ұстанады.
Қазақтар үшін артықшылықтар
Этноцентрист консерваторлардан басқа барлық кластерлер әйелдердің өмірлік басымдықтарын өз еркімен анықтап, тек бала тәрбиесі мен үй шаруасымен шектелмеуін қолдайды.
Әйелдің рөлі
Саяси лауазымдарда әйелдерді көре алатындар этноцентрист консерваторлардан басқа барлық кластерлер. Саяси қызметке ерлер де, әйелдер де лайық деп санайтындардың ең көп үлесі либерал прагматиктер (92%) мен скептик конформистер (92%).
Саясаттағы әйелдер
Демография Ең жас кластер – либерал прагматиктер (орта жасы – 36; кластердің 32% – 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтар). Ең жасы үлкен топ – авторитар лоялистер (орта жасы – 46; кластердің 31% – 55 жастан асқан, ал 16% – 46-55 жас).
Жас
Этноцентрист консерваторлар кластері – қазақтардың үлесі ең көп топ (92%). Құбылмалы абсентеистердің ішінде қазақтар – 60%, орыстар – 15%, ал төрттен бірі – басқа этностардың өкілдері. Қазақтардың ең аз үлесі авторитар лоялистер арасында байқалады (58%), ал басқа кластерлермен салыстырғанда орыстардың ең көп үлесі (25%) осы кластерде.
Ұлт
Үйінде қазақша көбіне этноцентрист консерваторлар сөйлеседі – 75%. Басқаларына қарағанда, үйіне тек қазақша сөйлесетіндер ең аз топ – лоялистер (29%). Ол негізінен орысша (44%) немесе екі тілді теңдей (26%) пайдаланады.
Үйде қолданылатын тіл
Прогрессив реформаторлар (75%) және либерал прагматиктер (77%) көбіне қалада тұрады. Этноцентрист консерваторлар арасында басқа топтарға қарағанда ауыл адамдары көп (38%).
Тұратын жер
Жоғары білімі (және аяқталмаған жоғары білімі) бар адамдар үлесі ең көп топ – прогрессив реформаторлар (61%) мен либерал прагматиктер (58%), ал ең аз топ – этноцентрист консерваторлар (35%). Бұл кластерде тек мектеп білімі бар азаматтар үлесі жоғары.