Making New Experts 3.0. «Жеке бренд туралы» тренингі
Making New Experts жобасының үшінші маусымы (2021-2022) National Endowment for Democracy (NED) қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба экономика, саясаттану, антропология, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика және білім беру сияқты салалардан қатысушыларды біріктірді.
Жаттықтырушы: Жанна Прашкевич - кеңесші, The Guests Studio.
Жеке брендке арналған қорытынды сессияда қатысушылардың 8 бойы жасалған жұмысына назар аударылды. Ментальды карталарды қолданып, пікірталас арқылы және топтық жұмыстың көмегімен түлектер мен тәлімгерлер жетістіктерді бағалады. Тағы олар қиындықтарды талқылап, жеке брендті дамыту жолдарын белгілеуге тырысты.
Тренинг барысында қатысушылар: ● Жоба барысында олардың қоғамдық профилі қалай өзгергенін талқылады ● Жобаның әртүрлі кезеңдерінде кездесетін қиындықтарға тоқталды ● Әлеуметтік желіні жүргізу және журналистермен қарым-қатынас жасауға байланысты кеңестермен бөлісті. ● Тәлімгерлермен бірге болашақта медиада қалай даму қажет деген сұраққа жауап іздеді.
“
Бағдарламаның нәтижелері туралы ой қозғау, әрі кездестірген қиындықтарымызды ерекше форматта талқылау қызықты болды. Бұл пайдалы болды деп ойлаймын.
Қатысушы Анна Климченко сөзі
“
Жаннаның жүргізген тренингі мені қатты ойландырды. Ол MNE бағдарламасынан алған білімді сабырмен және біртіндеп ой елегінен өткізуге көп көмектесті (мүмкін маған ғана емес).