Зерттеу | 2024

Соғыстың жаңғырығы: Орталық Азия елдерінде Ресей-Украина соғысы жайында қоғамның пікірі

АБЫЛАЙ МУЗАФФАР, МЕДИ ЕДИСОН, САЯТ ГАНИ, СЕРІК БЕЙСЕМБАЕВ, ЭРИК МАКГЛИНЧИ
Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысы қазіргі заман тарихындағы бетбұрысты оқиға болды. Тек екі жылдан соң ғана бұл қанды әрі қайғылы қақтығысқа әлемдегі барлық мемлекеттің тартылғаны айқын байқалып отыр. Бұл ауқымды текетірес Орталық Азия елдеріне тікелей әсер етті. Ортақ тарих, бірыңғай ақпарат кеңістігі, сонымен қатар саяси және экономикалық тұрғыда Ресейге тәуелділік өңір мемлекеттерінің соғыс ықпалы алдындағы осал тұсын білдіреді.

Қоғам пікірін зерттеу соғыстың өңірге қалай ықпал еткенін бақылаудың басты тәсілі саналады. Орталық Азияда бұл тақырып әлі толық зерттеле қоймағанымен, қоғам қақтығысты жалпы қалай қабылдайтыны тұрғысынан біраз мәлімет жиналған. Central Asia Barometer Survey және Demoscope сынды тәуелсіз зерттеу жобаларының арқасында біз өңір халқының қай тарапты қолдайтыны, қақтығысқа кімді кінәлі санайтыны, соғыстың аяқталатын уақыты мен сценарийлері туралы пікірін зерттеп білдік.

Бірақ халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерінің жарияланымдары Орталық Азия елдерінің соғысқа көзқарасының жалпы түсінігін ғана қамтиды. Әлдебір пікір қалыптастырушы факторлардың мәнін жіті қарастырмайды. Біз бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қолда бар мәліметтерді жинап, жүйелеп, өңір елдеріндегі қоғамның Ресей-Украина соғысын қабылдауға деген көзқарасын неғұрлым толыққанды ашатындай етіп, бір баяндама мазмұнына кіріктіруді жөн көрдік.

Аналитикалық баяндама Paperlab зерттеу орталығының бастамасымен Фридрих Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен әзірленген.
Читайте также
PUBLIC
POLICY
RESEARCH


© 2015-2023 Paperlab

РАССЫЛКА