Дискуссионная площадка | 31.10.2018

Бюджетке әркімнің - ақ бар таласы. Ел қаржысын тиімді жұмсаудың жолдары қандай?

Қазақстанда бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуы үйреншікті құбылысқа айналған. Ресми органдардың баяндауынша, елімізде жыл сайын миллиардтаған қаржы ысырап болады немесе талан-таражға түседі. Мысалы, Есеп комитетінің ақпараты бойынша 2017 жылы 153 млрд. теңге орынсыз пайдаланылса, 230 млрд.теңге тиімсіз жоспарланған.
Бұл проблемамен күресу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және жазаны қатаңдату керек деген пікір қалыптасқан. Бірақ, әзірше елімізде жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер азаяр емес.

Осы орайда жеткілікті игерілмей отырған механизм – бұл азаматтық бақылауды күшейту, тұрғындардың бюджеттік сауаттылығы мен жариялылықты арттыру.

Билік тарапынан бұл бағытта әр мемлекеттік органға өзінің азаматтық бюджетін жариялау бойынша міндеттеме жүктелді, мемлекеттік сатып алу толық цифрлық форматқа көшірілді, жергілікті бюджеттің игерілуіне тұрғындардың қатысу мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар бюджеттік процеске қоғамның қатысу сапасын арттыру үшін арнайы заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бірақ, дегенмен, бұл саясат өз нәтижесін берген жоқ. Азаматтардың бюджеттік процестен хабары аз, билік органдарының ел қаржысын жұмсауына қатысты қоғамда скептикалық көзқарас басым.

Осы орайда PaperLab дискуссиялық алаңы ел қаржысын тиімді жұмсауға азаматтардың қатысуы бойынша талқылауға шақырды. Жиында осы тақырыпта жасалған арнайы зерттеулер таныстырылады. Алғаш рет дискуссия тек қазақ тілінде өтеді.

Қосымша талқыланатын сұрақтар:

  • Бюджеттің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға қатысты үкіметтік шаралар өз нәтижесін берді ме?
  • Азаматтар тарапынан бюджеттік шығындарды бақылауға деген сұраныс бар ма?
  • Ел азаматтары бюджеттің тиімді жұмсалуына ықпал ете ала ма? Оның жолдары қандай?
  • Бюджеттік процеске азаматтарды тарту үшін қандай шешімдер қажет?
Видеотрансляция мероприятия
    Читайте также
    РАССЫЛКА