27 сәуірде PaperLab зерттеу орталығы «Қазақстанның цифрлық ұрпағы: психологиялық әл-ауқаты және құндылықтары» атты дөңгелек үстел өткізеді. Қатысуға мемлекеттік органдардың және жастар үкіметтік емес ұйымдарының, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау, әрі психология саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдері шақырылады.
Impact Hub Almaty-мен бірлесіп, «Шеврон» компаниясының Атырау жастарды дамыту бастамасы аясында (AYDI), PaperLab дөңгелек үстел барысында «Атырау жастары мен жасөспірімдері: әлеуметтік көңіл-күйі, құндылықтары мен мінез-құлық ұстанымдары» атты зерттеуінің нәтижелерімен бөліседі.
Барлығын қатысуға шақырамыз. Орындар саны шектеулі. Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтыра аласыз.
Уақыты мен орны: 27 сәуір, сағат 09:30, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.