20 тамыз күні Paperlab зерттеу орталығы мен Urban Forum Kazakhstan ұйымы сіздерді «Тұрғындардың сенімін жоғалтпай, қаланы қалай дамытуға болады?» атты талқылауға шақырады.
Соңғы жылдары қалаларды дамыту мәселелері Қазақстанның қоғамдық күн тәртібінде маңызды орынға ие болды. Қалалық кеңістікті қалай пайдалану керектігі туралы шешімдер ашық қабылданбаған жағдайда, тіпті жергілікті деңгейдегі өзгерістердің өзі қоғамдық қақтығыстар мен сенімсіздікке себеп болуы мүмкін.
Мұның негізгі себептерінің бірі – Қазақстан азаматтарының қаланы дамыту үдерістеріне қатысуының шектеулі болуы. Қоғамдық қатысудың тетіктері формалды жұмыс істейді, ал қала тұрғындарының пікірі қабылданатын шешімдерге іс жүзінде әсер ете алмайды. Соның салдарынан тұрғындар, мемлекет және бизнес арасындағы өзара іс-қимыл көбіне ынтымақтастыққа емес, қақтығысқа негізделеді.
Paperlab ұйымы Urban Forum Kazakhstan ұйымымен бірлесіп, сенімге, түсінікті қатысу тетіктеріне және қала тұрғындары, сарапшылар қауымдастығы, бизнес пен мемлекеттік институттар арасындағы сындарлы өзара іс-қимылға негізделген қаланы дамытудың неғұрлым ашық әрі орнықты моделін қалай қалыптастыруға болатынын талқылауды ұсынады.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Қала тұрғындарының қаланың дамуына нақты ықпал етуіне қандай қатысу тетіктері мүмкіндік береді?
Цифрлық сервистер қоғамдық қатысуды алмастырмай, оны қалай толықтыра алады?
Қала тұрғындары мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылды түсінікті әрі ашық етуге не кедергі келтіреді?⠀
Спикерлер:
Аделя Мухамедова, әлеуметтанушы;
Меруерт Шынтөре, қаланы даму саласындағы зерттеуші;
Адия Қарсыбек, қаланы жоспарлау саласындағы зерттеуші, Ayel&Qala.
Дикуссанттар:
Зәуреш Батталова, Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының президенті
Алина Бейсенова, архитектор, Urban Forum Kazakhstan зерттеу жобаларының кураторы
Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Уақыты мен орны: 20 тамыз, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Офлайн қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.