Новости

Гендірлік зерттеулер тобына іріктеу

2026-07-20 14:09 Анонсы
Paperlab зерттеу орталығы гендірлік зерттеулер тобына екі қысқамерзімді ақылы ассистенттік позицияға іріктеу жариялайды.

Біздің орталық әлеуметтану және саяси басқару саласындағы зерттеулер жүргізумен, сараптамалық білімді дамытумен, сондай-ақ зерттеу ортасын нығайту жобаларымен айналысады.

Central Asian Think Tanks Forum 2026 жобасы аясындағы зерттеулерге көмектесу үшін 17 тамыз бен 20 қараша аралығына екі ассистент-зерттеуші іздейміз. Олар мына жобаларға қатысады:

  1. Орталық Азия елдеріндегі антигендірлік қозғалыстар мен бастамаларды зерттеу;
  2. Орталық Азиядағы think tanks жобалары мен ұйымдастырушылық тәжирібесіндегі гендірлік сезімталдық деңгейін бағалау.

Ассистенттер екі зерттеуге де қатар қатысады деп жоспарлануда. Міндеттер үміткерлердің тәжірибесі мен құзыреттеріне қарай бөлінеді. Сондай-ақ жоба аясында 2026 жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін Central Asian Think Tanks Forum 2026 шарасына толыққанды қатысу көзделеді. Қазақстанның басқа қалаларынан қатысатын ассистенттер үшін форумның екі күнінде жол жүру, тұру және тамақтану шығындары толық өтеледі.
Антигендірлік қозғалыстарды зерттеу жобасы аясындағы міндеттер:
  • Орталық Азиядағы антигендірлік қозғалыстар бойынша академиялық және аналитикалық әдебиеттерді жүйелі түрде реттеу, өңірден тыс елдердегі тәжірибені зерделеу;
  • Антигендерлік бағытты/дискурсты ілгерілететін қоғамдық, саяси және медиа кеңістіктегі ықпалды тұлғалардың пікірлеріне, сондай-ақ жария саяси риторикаға мониториң жүргізу;
  • Орталық Азия елдерінде антигендірлік күн тәртібін насихаттайтын акторлар мен ұйымдарды анықтау және олардың картасын жасау;
  • «Дәстүрлі құндылықтар», отбасы саясаты және әйелдердің репродуктивтік құқықтары төңірегіндегі заң жобалары мен саяси пікірталастарды талдау;
  • Цифрлық науқандардың (әлеуметтік желілер, дезинформация, риторикалық стратегиялар) мазмұнын талдау;
  • Сарапшылармен сұхбат жүргізу жұмыстарына атсалысу;
  • Ұсыныстар дайындауға және аналитикалық баяндаманы жазуға қатысу.

Маңызды: Зерттеу міндеттерін сәтті орындау үшін өшпенділік риторикасы, дезинформация және қатыгез мәлімдемелер сияқты сезімтал материалдармен жұмыс істеуге дайын болу, сондай-ақ мұндай контентті сыни тұрғыдан талдау дағдыларына ие болу қажет.
Гендірлік сезімталдық деңгейін бағалау зерттеуі аясындағы міндеттер:
  • Академиялық және талдау материалдарын жүйелеу, гендерлік сезімталдықты арттырудың әлемдік (оның ішінде корпоративтік сектордағы) тәжірибесін зерделеу;
  • Орталық Азиядағы think tanks қызметкерлеріне арналған онлайн-сауалнаманы әзірлеуге қатысу;
  • Think tanks ұйымдарында қызмет ететін әйелдермен сұхбаттар жүргізу жұмыстарына атсалысу;
  • Сапалық мәліметтерді жинақтау, өңдеу және талдау;
  • Жиналған деректер негізінде ұсынымдары бар аналитикалық жазбаны (policy brief) дайындауға қатысу.
Талаптар:
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім (гендірлік зерттеулер, саясаттану, әлеуметтану, антропология, халықаралық қатынастар, журналистика). Бакалавриаттың 4-курсынан бастап өтінім беруге болады. Гендерлік және/немесе пәнаралық зерттеулер жүргізу тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады;
  • Академиялық әдебиеттермен жұмыс істеу тәжірибесі (жүйелеу, аннотациялау және библиографияны рәсімдеу);
  • Контент- және/немесе дискурс-талдаудың базалық дағдылары, соның ішінде оларды оқу-зерттеу жұмыстарында қолдану тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, сондай-ақ ағылшын тілін академиялық мәтіндерді оқу мен жүйелеуге жеткілікті деңгейде білу;
  • Өз жұмысын өз бетінше жоспарлай әрі ұйымдастыра білу, міндеттерді командамен үйлестіру және келісілген дедлайндарды сақтау.
Ассистенттік лауазымдар ақылы. Салықтар шегерілгеннен кейінгі айлық төлем 150 000 теңгені құрайды.

Күтілетін жұмыс кезеңі:
2026 жылдың 17 тамызы мен 20 қарашасы аралығы.

Жұмыс форматы:
Аптасына 20 сағатқа дейінгі толық емес жұмыс күні, қашықтан (онлайн).

Өтінімдер Астана уақыты бойынша 5 тамыз күні сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Барлық өтінімдерді Paperlab командасы қарастырады. Іріктеудің бірінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама 2026 жылдың 11 тамызына дейін өтінім берген барлық үміткерлердің формада көрсетілген электронды пошталарына жіберіледі. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткендер 12-14 тамыз аралығында қысқаша онлайн-сұхбатқа шақырылады, жұмыстың болжамды басталуы — 2026 жылдың 17 тамызы.

Зерттеу лауазымдары мен күтілетін жұмыс көлеміне қатысты қосымша сұрақтар бойынша жобаның жетекші зерттеушісі Камила Ковязинаға (k.kovyazina@paperlab.kz) хабарласуға болады.


Өтінім жіберу