Новости

Тар жол, тайғақ кешу: Жаңа Қазақстандағы азаматтық қоғам

Анонсы
25 сәуір күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Тар жол, тайғақ кешу: Жаңа Қазақстандағы азаматтық қоғам» атты талқылауға шақырады.

Қайғылы Қаңтар оқиғасынан соң президент Қ.Тоқаев жариялаған реформалар пакетінде «азаматтық қоғам институттарын күшейту» жөнінде айтылды. Бір жылдан соң үкімет пен азаматтық қоғамның қарым-қатынасы қалай өзгергені және мемлекетте бостандық артты ма, әлде жағдай өзгеріссіз қалды ма деген сұрақтар туындайды.

Қоғамдық пікір зерттеуіне сәйкес, азаматтар арасында соңғы жылы елде аса өзгеріс орын алған жоқ деген пікір басым. Сайлау нәтижелері, бейбіт шеру өткізуге байланысты шектеулер және белсенділерді қудалау азаматтық қоғамға қатысты мемлекеттік саясаттың бұрынғы қалпында екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер комитетінің шетелден қаражат алатын тұлғалар реестрін жариялау жөніндегі бастамасы қазақстандық азаматтық қоғамға көрші елдердегідей қысым көрсету әрекеттеріне ұласуы мүмкін деген үрей тудырады.

Осыған орай біз PaperLab алаңында азаматтық қоғам жөніндегі саясатты қазіргі жағдайға сай талқылап, жаңадан енгізілетін заңнамалық өзгерістер Қазақстандағы азаматтық қоғамға тигізетін әсерін талқылаймыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Тоқаевтың саяси реформалары мемлекеттегі азаматтық қоғамның жағдайына қалай әсер етті? Азаматтық қоғам өкілдері өздерін «жаңа» Қазақстанда қалай сезінеді? Қаңтар оқиғасынан кейін не өзгерді?
  • Жаңадан ұсынылып отырған заңнамалар Қазақстанда азаматтық қоғамның жұмыс істеуіне қалай әсер етеді?
  • Реестрді жариялау азаматтық белсенділер мен тәуелсіз бейүкіметтік ұйымдардың жұмысын шектеу мен мониториңтің жаңа құралы болады ма? Ресейдегі иноагент статусы тәріздес заңнаманың пайда болуы мүмкін бе?
  • Азаматтық қоғамның институттарын күшейту үшін нақты қандай әрекеттер қажет?

Cпикерлер:
  • Светлана Ушакова, «Ұлттық және Халықаралық Даму Бастамалары Институты» ҚҚ-ның директоры мен тең құрылтайшысы;
  • Мадияр Қожахмет, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы;
  • Гүлмира Біржанова, Media Qoldau заң қызметінің басшысы, «Құқықтық медиа-орталық» тең құрылтайшысы;
  • Ақжол Маликов, құқық қорғаушы, «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның жоба үйлестірушісі.

Талқылау модераторы – Камила Смагулова.

Уақыты мен орны:
25 сәуір, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.