Белгілі бір идеологиялық мазмұнға ие мемлекеттің тіл саясаты бүгінде сынға түсіп жатыр. Азаматтар соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың сапасына аса мән беріп, қазақстандықтардың нақты сұранысынан оқшауланған деп саңайды.
Бейсенбі, 2 маусымда PaperLab зерттеу орталығы «Қазақстанға қандай тіл саясаты керек?» атты пікірталас өткізеді.
Негізгі сұрақтар:
- Мемлекеттік тілдің басты мәселесі, қауіп-қатерлері қандай?
- Мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін қалай бағалауға болады? Оның тиімділігін қалай арттыруға болады?
- Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданылуын нығайтуда азаматтық бастамалардың рөлі қандай?
Спикерлер:
- Мақсат Арзаман, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілі, аудармашы
- Анна Климченко, әлеуметтік лингвист, PaperLab зерттеушісі
- Назгүл Қожабек, Steppe&World баспа үйінің бас редакторы
Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Барлығын қатысуға шақырамыз. Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтыра аласыз.
Уақыты мен орны:
2 маусым, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Жоба «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше «Сорос-Қазақстан» қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.