7 тамыз күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Өнерде жоқ шекара: жасампаздық пен саясатқа қатысу тоғысқанда» атты талқылауға шақырады.
Арт белсенділікті азаматтық қоғамның саясатқа қатысу үлгісі ретінде қабылдау жайлы талқы Қазақстанда көбіне әлеуметтік және саяси мәселелерді көтеретін протестік акциялар мен перформанстар бағытына ұласып жатады. Десе де осы тұста креаторларды, әсіресе жастарды ауқымды мәдени жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған мемлекеттің нарративі де бар.
Алайда бұқаралық поп мәдениет саясаттан әлі де алшақ: әртістер мен өнер қайраткерлері күн тәртібінегі өзекті мәселелерді талықлауға қатыса бермейді, өткір тақырыптардан қашқақтайды. Бұл креаторлардың бүгінгі қазақстандық ландшафтта өздерін қаншалықты еркін сезінетіні және оларға бұл саланың саясаттануы немесе өнерді тұтастай саясатқа қатысу үлгісі ретінде пайдаланудың қаншалықты қажеттігі жайлы сұрақтар туғызады.
Paperlab алаңында біз жасампаздық пен белсенділіктің ара-жігін ажыратуға тырысып, туындап отырған қиындықтарға қарамастан әлеуметтік және саяси идеяларды ілгерілетуде өнерді қалай тиімді пайдалануға болатынын қарастыруды ұсынамыз.
Талқылау сұрақтары:
Спикерлер:
Талқылау модераторы – Камила Смағұлова.
Уақыты мен орны:
7 тамыз, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Офлайн қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

- Арт белсенділік бүгінгі қоғамда қандай өзгерістерді бастан кешіруде? Жасампаздық пен белсенділік арасындағы шекара жойылып бара жатқан жоқ па?
- Әлеуметтік және саяси идеяларды тиімді ілгерілету үшін арт жобаларды басқару және саясиланған контентпен жұмыс істеу саласында қандай негізгі аспектілерді ескеру қажет?
- Медианың қазіргі жағдайы мен цензураның күшеюі креатив индустрия мен оның Қазақстандағы әлеуетіне қалай әсер етеді?
Спикерлер:
- Камила Нарышева, куратор, Батырхан Шөкенов атындағы Қордың жоба менеджері, диджей;
- Әннәс Бағдат, драматург, Artkoshe тәуелсіз театрының жетекшісі;
- Әділ Закенов, продюсер, Shapalaque комикстерінің авторы;
- Диана Окремова, журналист, «Құқықтық медиа орталық» ҚҚ директоры.