Новости

Қауіпсіздік құқығы: гендерлік зорлық-зомбылықпен қалай тиімді күресуге болады?

Анонсы
20 желтоқсан күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Қауіпсіздік құқығы: гендерлік зорлық-зомбылықпен қалай тиімді күресуге болады?» атты талқылауға шақырады.

Гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі Қазақстанда тағы да кеңінен талқылануда. Мемлекеттік органдар елде орын алған кезекті әйел өлімі, зорлық-зомбылық және харасментке қатысты резонансты жағдайлардан кейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге бағытталған заң жобаларын ұсынып, саяси бастама көтерді.

Алайда гендерлік зорлық-зомбылыққа келгенде шешім қабылдау деңгейінде әрекеттердің дәйексіздігі байқалады. Кең ауқымды сарапшылар тобы бірнеше мәрте ұсынған заңнамалық өзгертулер 2020 жылы қабылданбаған еді. Қоғамда кеңінен талқыланған істерден кейін ғана жауапты тұлғалар заңнаманы қатаңдату, харассмент ұғымын енгізу және полиция штатын кеңейту қажеттігін мәлімдеуде. Дегенмен «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа саясаттың» контуры әлі де түсініксіз. Ал бұл саладағы саясатта нақты іс-әрекеттер мен нормалардың болмауы, азаматтық қоғамның заң шығару процесіне аз қатысуымен ұштаса отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайының одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін.

Paperlab алаңында біз гендерлік зорлық-зомбылық, оның әйелдердің әртүрлі топтарына әсері мен оның алдын алу жолдарын, сондай-ақ сарапшы қауымдастықтың Қазақстанның гендерлік саясатындағы ықтимал өзгерістеріне қатысу мүмкіндіктерін талқылаймыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тиімділігі үшін қандай жүйелі заңнамалық өзгерістер қажет?
  • Гендерлік зорлық-зомбылық саясатын қалыптастыруда мемлекеттің сарапшы және әйел топтармен белсенді өзара әрекеттесуін қалай қамтамасыз етуге болады?
  • Қазақстанның гендерлік саясатында нақты іс-қимыл мен нормалардың болмауы әйелдер мен жалпы қоғамға қалай әсер етуі мүмкін?

Cпикерлер:
  • Мөлдір Албан, құқық қорғаушы, «SVET» ҚҚ құрылтайшысы;
  • Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты;
  • Молдияр Ергебеков, PhD, қауымдастырылған профессор, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ;
  • Гүлмира Шрахметова, Астана қаласының Полиция департаменті.

Талқылау модераторы — Айгерім Құсайынқызы, заңгер, гендерлік экономиканы зерттеуші.

Уақыты мен орны:
20 желтоқсан, сағат 17:00, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 8А, ParkInn қонақ үйі.

Талқылау қазақ тілінде өтеді. Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.