Новости

Қазақстандағы қытайлық инвестжобалар: прагматика және қауіптену

Анонсы
20 шілде күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Қазақстандағы қытайлық инвестжобалар: прагматика және қауіптену» атты талқылауға шақырады.

Қытай компанияларының Қазақстанда болуы қоғамдағы ең даулы тақырыптардың бірі. Бір жағынан, Қытай Қазақстан үшін «Бір белдеу — бір жол» бағдарламасының аясында ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі ретінде танылса, екінші жағынан, Қытай тарапынан экспансионизм мен оған тәуелдіктің артуына қатысты үрей де жоқ емес. Бұл Қытайдың Қазақстандағы ықпалын жергілікті деңгейде, яғни қытайлық компаниялармен тікелей қатынаста болатын қауымдастықтардың пікірін зерттеп-білуді бұрынғыдан да өзекті етеді.

Paperlab талқылау алаңында «Қытайдың Қазақстандағы қатысуы қалай қабылданады: басқарушылық, әлеуметтік, және экологиялық өлшемдерді талдау» атты зерттеудің тұсау кесері өтеді. Оның негізгі мақсаты — жергілікті қауымдастықтардың Қытай жөніндегі пікірі ҚХР-ның компаниялары және инвестицияларымен тікелей қарым-қатынасқа түскен кезде қалай өзгере алатынын анықтау.

Сонымен қатар біз Қытайдың Қазақстандағы қоғам мен қоршаған ортаға әсері жөнінде қалыптасқан нарратив пен мифтерді қайта қарастырудағы зерттеулердің рөлін талқылауды ұсынамыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Жергілікті қауымдастықтар қытайлық инвестжобалардан қаншалықты хабардар?
  • Қазақстандағы Қытай компанияларын зерттеудің қандай қиындықтары бар?
  • Үкімет өз тарапынан қытайлық инвесторлармен қарым-қатынасты қалай реттейді?
  • Экологиялық мәселелер қытайлық инвестициялық компаниялар мен үкімет үшін қаншалықты өзекті?
  • Жергілікті қауымдастықтар қытайлық инвестжобалардан не күтеді?

Cпикерлер:
  • Руслан Изимов, қытайтанушы, «Синопсис» Орталық Азия мен Қытайды зерттеу орталығы;
  • Анастасия Решетняк, зерттеуші, Paperlab;
  • Виктория Нем, зерттеуші, Paperlab;
  • Алия Тлегенова, зерттеуші, Paperlab.

Талқылау модераторы – Камила Смагулова.

Уақыты мен орны:
20 шілде, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.