28 шілде күні PaperLab зерттеу орталығы «Қазақстандық жастардың саясатқа қатысуы: цифрлық технологиялардың рөлі» атты онлайн пікірталас жүргізеді.
Әлемнің көптеген елдерінде жастардың саяси өмірге деген қызығушылықтары салыстырмалы түрде төмен: олар сайлауға жиі бармайды, қоғамдық талқылауларға аз қатысады және қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысуға құлшынысы аз. Дегенмен, ғаламтор пен әлеуметтік желі дамыған сайын жастардың саяси қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Қазақстанда iKomek, eOtinish, eGov және басқа да электронды платформалардың көмегімен азаматтар маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алды. Осылайша олар елдегі басқарушылық шешімдерді қабылдауға тікелей қатыса алады деп болжануда. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жастардың қатысуы көбінесе әлеуметтік желілердегі белсенділікпен шектеледі.
Осыған байланысты келесі сұрақтарды талқылау маңызды:
Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Іс-шараның күні мен уақыты:
2022 жыл, 28 шілде, 17:00 (GMT+6).
PaperLab Facebook парақшасында таратылатын тікелей эфирді қараңыз қараңыз.
Талқылауды Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен PaperLab зерттеу орталығы «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жоба аясында Орталық Азияның Еуразиялық қорымен және ITeachMe ҚҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды.