Новости

Сrisis Management Workshop

Анонсы
Кез келген ұйым, бизнес немесе мемлекет күтпеген жағдайларға тап болуы мүмкін. Шытырман жағдай орын алғанда ұжымның іс-әрекеттерін қалай үйлестіруге болады? Тиімді кризис-менеджмент қандай құрал, жүйе және стратегияларды қажет етеді?

26 қазан күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді медиа және кризис-менеджмент сарапшысы Марк Пфайфлмен өтетін воркшопқа шақырады.

Марк Пфайфл АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшінің орынбасары болып жұмыс істеп, Ақ үйдегі стратегиялық коммуникация сұрақтарымен айналысты.

Воркшоп аясында Марк Пфайфл өзінің кризис-менеджмент бойынша кеңестерімен бөлісетін болады. Кездесу қоғаммен байланыс, HR, медиа және журналистика саласындағы студенттер мен сарапшылар үшін қызықты болады.

Іс-шара ағылшын тілінде өтеді, орыс тіліне аударма жүргізіледі.

Уақыты мен орны:
26 қазан, сағат 17:00, Астана қ., Astana Hub, Мәңгілік ел д., 55/8, С4.6, 3 қабат, Media Hall.

Офлайн форматта қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет.

Іс-шара Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.