Адал бәсекелестік пен ашықтық қағидаттары, сондай-ақ кәсіпкерлер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі атап өтілді. «Самұрық-Қазына» қорын реформалау, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру, үнемдеу мөлшерлемесін қайта қарау бойынша келешегі зор бастамалар айтылды.
Бірақ шикізатқа бағытталған экономиканы және саяси институттардың сапасын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуы мүмкін бе? Берілген уәделердің азаматтардың үкіметке деген сенімін арттыруға бағытталған популизм ғана местігін қарастырған жөн.
2022 жылдың 5 наурызында PaperLab зерттеу орталығы «"Жаңа" Қазақстандағы экономикалық бағыт: әлеуметке бұрылу немесе популизм?» атты пікірталас өткізеді. Экономика, макроаналитика және мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар қауымдастығы қатысады.
Көрермендерге арналған орындар шектеулі! Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтыра аласыз
Уақыты мен орны: 5 наурыз, сағат 16:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.