Бір жағынан, билік мектептерде діни рәміздерді тағуға тыйым салса, екінші жағынан діни пуристердің өтініші бойынша шетелдік мультфильмдердің таралуын тоқтатады. Әртүрлі тараптардың мүдделерін ескеретін, мемлекеттің зайырлылық моделін қайта қарау қажеттігін қоғамның бұл жағдайларға деген дауылды реакциясы аңғартты.
Бейсенбі, 11 тамыз күні PaperLab пікірталас алаңында дін саясатының ерекшеліктері мен мәселелерін талқылауды, өзгерген қоғамдық-саяси жағдайларда оның даму болашағы туралы сарапшылардың көзқарасын ұсынамыз.
Талқылауға сұрақтар:
- Қазақстандағы дін саясатының негізгі нәтижелері қандай? Оның күшті және әлсіз жақтары қандай?
- Қоғамның қайта исламдануына байланысты мемлекет алдында қандай қиындықтар бар? Ресми мекемелер оларға қалай қарайды?
- Исламға деген қызығушылықтың артуы жағдайында діни институттардың рөлі қандай?
- Ислам блогерлерінің әлеуметтік желілердегі танымалдылығының артуы нені көрсетеді?
- Қазақстан зайырлылықтың қандай үлгісін дамытуы керек?
Cпикерлер:
- Анастасия Решетняк, PaperLab зерттеушісі
- Жапал Долиев, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің интернет кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы
- Алима Бисенова, Назарбаев Университет профессоры
- Асылтай Тасболат, дінтанушы, ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы
Іс-шараның күні мен уақыты:
2022 жыл, 11 тамыз, 17:00 (GMT+6).
PaperLab Facebook парақшасында таратылатын тікелей эфирді қараңыз.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.