15 мамыр күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Діни сенім бостандығы: сенім арту немесе қатаң бақылау» атты талқылауға шақырады.
Зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде Қазақстан барлық азаматтарға діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Алайда, экстремизм және терроризммен күрестің аясында діннің секьюритизациясы мен дінге шамадан тыс бақылау орнату үрдісі байқалады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер азаматтардың сенім еркіндігіне деген құқықтарын бұзады. Азаматтық бостандықтың әлемдік рейтиңгісіне сүйенсек, 210 мемлекеттің ішінен Қазақстан 164 орында, яғни бостандықты шектейтін мемлекеттер қатарында.
Дін саласы қатаң бақылауға ұшырағаннан бөлек, әр түрлі наным-сенім ұстанатын топтарға қатысты кемсіту таралған. Мәселен, «дәстүрлі емес» және «деструктивті» діни ағымдар жөніндегі дискурс азаматтарды алалап қана қоймай, жұмысқа орналасуы кезінде, білім беру саласында қызмет алу, жалпы күнделікті өмірде қиындыққа ұшырауына себеп болады.
Осыған орай біз PaperLab талқылау алаңында Қазақстандағы бүгінгі таңда діни бостандығы мәселесін қарастыруды ұсынамыз.
Талқылау сұрақтары:
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң бүгінгі заманға қаншалықты сай? Қазақстанға либералды заң керек пе?
Мемлекеттің дінге қатысты саясатында қандай өзгерістер қажет?
Ғылым және мемлекеттік саясат тұрғысынан «деструктивті» және «дәстүрлі емес» сияқты ұғымдарға қатысты қандай мәселе бар?
Мемлекетте және аймақ бойынша діннің рөлі қалай өзгеруде? Демографиялық өзгерістердің әсері қандай?
Cпикерлер:
Мереке Ғабдуалиев, адвокат, Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы;
Индира Асланова, дінтанушы, «Ортақ шешімдерді іздеу» коммерциялық емес корпорация өкілдігі, Қырғызстан;
Нұрдәулет Әлмұханов, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы;
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.