Paperlab зерттеу орталығы «Фандрайзинг бойынша маман» қызметіне байқау жариялайды.
Біздің орталық социологиялық және мемлекеттік басқару саласында зерттеулер жүргізеді, әлеуметтік маңызды тақырыптар бойынша сарапшылар білімін насихаттайды, сонымен қатар зерттеу ортасын нығайту бойынша жобалар жүзеге асырады.
Ұжымымызға фандрайзинг маманы рөлін атқару арқылы орталықтың қоғамға тигізетін оң әсерін арттыруға көмектесетін адамды іздейміз.
Төменде қызмет сипаттамасы мен үміткерге қойылатын талаптармен таныса аласыз.
Міндеттер:
Ұйымның ұзақ мерзімді қаражат жинау стратегиясын әзірлеу;
Гранттық қаржыландыруға өтінімдерді іздеу және жазу, донорлық ұйымдардан, жеке компаниялардан және елшіліктерден конкурстарға қатысу;
Командамен және серіктестермен бірге өтінімдердің жобасын әзірлеу;
Ынтымақтастық құруға болатын донорлар, жеке қорлар және халықаралық ұйымдардың дерек қорын әзірлеу, байқау туралы хабарландыруларды бақылау;
Ұйымның қазіргі және келешек донорларымен серіктестікті дамыту;
Жобаларды бақылау мен бағалауға қатысу;
Жылдық бағдарламалық есептер дайындауға қатысу.
Қойылатын талаптар:
Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар саласында, магистр дәрежесіне артықшылық беріледі);
Ресурстарды тарту саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі (ҮЕҰ-да жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі);
Фандрайзинг, гранттық өтінімдер және ынтымақтастық туралы ұсыныстар жазу тәжірибесі мен дағдылары;
Ағылшын тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру;
Топта және дербес жұмыс істеу қабілеті;
Қысқа мерзімде жұмыс істеу қабілеті.
Шарттар: Икемді жұмыс кестесі және қашықтан жұмыс істеу. Төлемақы сұхбат нәтижесі бойынша анықталады + тартылған қаржы сомасынан %.
Жұмыстың болжамды басталу мерзімі: 2023 жылдың қарашасы.
Қызығушылық танытқан үміткерлерді 2023 жылдың 15 қазанына дейін info@paperlab.kz электрондық поштасына түйіндеме мен ілеспе хатты ағылшын тілінде (әлеуметтік немесе зерттеу жобаларын үйлестіру және іске асыру тәжірибесін сипаттайтын) жіберуді сұраймыз.