Новости

Сайлау-2023: Кезекті имитация әлде демократияға шынайы қадам ба?

Анонсы
29 наурыз күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Сайлау-2023: кезекті имитация әлде демократияға шынайы қадам ба?» атты талқылауға шақырады.

Қазақстанда жуырда өткен сайлау қоғамдық кеңістікте қарама-қайшы реакция тудыруда. Бір жағынан, парламентте жаңа партиялардың пайда болуы мен бірмандаттық аумақтар бойынша депутаттардың сайланғаны жағымды өзгерістер ретінде бағаланады. Екінші жағынан, азаматтық белсенділер, бақылаушылар, мәжіліс пен маслихатқа үміткерлер сайлаудағы заң бұзушылықтарды алға тарта отырып, өткен сайлаудың нәтижесін заңсыз деп тануда.

Қоғам бұл сайлау бұрынғыдан басқаша өтеді деп күтті. Қаңтар оқиғасынан соң және Қ.Тоқаевтың реформалар жайында берген уәделерінен соң азаматтық қоғам арасында парламентке тәуелсіз тұлғалар сайланады деген үміт пайда болған еді. Дегенмен, PaperLab және Demoscope өткізген сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтардың көбі сайлауға қатысқан бір де бір партия олардың мүдделерін білдірмейді деп жауап берген. Сонымен қатар, қоғамда азаматтардың сайлауға әсері әлсіз және сайлаудың нәтижесі алдын ала белгілі болады деген түсінік қалыптасқан. Сөйтіп, парламенттің басым бөлігі қайтадан билік партиясы өкілдерінен құралатынын ескерсек, азаматтардың сайлау институты мен саяси режимнің шынайы реформалараға қабілетті екеніне күмәні күшейеді деп болжауға болады.

Осыған орай PaperLab алаңында даулы сайлаудың еліміздегі саяси өмірге әсері мен Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің мүмкіндігі жайында талқылау өткіземіз.

Талқылау сұрақтары:
  • Сайлау нәтижесін қалай бағамдауға болады? Бұл Ақорданың саяси жүйені өзгертуге жасаған талпыныса ма, әлде статус-квоны сақтауға деген ниетін көрсетеді ме?
  • Электорат бұл сайлаудан не күтті және күткендері қаншылықты ақталды?
  • Тәуелсіз үміткерлер мен азаматтық қоғам өкілдері бұл сайлаудан қандай сабақ алды?
  • Мемлекеттегі саяси жағдай сайлаудан кейін қалай өзгереді? Қоғамдық поляризация мен наразылықтың ықтималдылығы қандай?

Cпикерлер:
  • Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы, PaperLab;
  • Инга Иманбай, құқық қорғаушы, журналист;
  • Димаш Альжанов, саясаттанушы.

Талқылау модераторы – Камила Смагулова.

Уақыты мен орны:
29 наурыз, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.