10 қыркүйек күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Орталық Азиядағы жастар ұйымдары және қоғамдық өмірдің келешегі» атты талқылауға шақырады.
Орталық Азияның жаңа буыны алдыңғы ұрпақтан айтарлықтай ерекшеленеді. Олар әртүрлі пікірлерді ашық қабылдайды, еңбек нарығында өздерін басқаша ұстайды, технологиялық кәсіпкерлікке қызығады және олардың қоғамдық өмірге араласу мәдениеті де өзгеше екені көрінеді. Сонымен қатар, жастар үшін қоғамдық істерге қатысып, сол арқылы өз мүддесін жеткізе алу өте маңызды.
Орталық Азия елдерінде түрлі форматтағы жастар ұйымдары бар, бірақ олар үнемі өзгеріп жатқан заман талабына әрдайым сай келе бермейді және жастардың іске нақты араласып, өзгерістерге ықпал етуіне мүмкіндік бермейді.
Paperlab алаңында Орталық Азиядағы жастар ұйымдарының қазіргі сипатын, олардың дербес әрі тұрақты ұйым ретінде қалыптасуына не кедергі екенін талқылаймыз. Сондай-ақ, бұл ұйымдар өз елдерінің дамуына әсер ете алатын қоғамдық және саяси көшбасшылардың жаңа буынын дайындай алады ма деген сұраққа жауап іздейміз.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Спикерлер:
Талқылау модераторы – Дарина Дәулетбек.⠀
Уақыты мен орны:
10 қыркүйек, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Офлайн қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

- Орталық Азия елдеріндегі қазіргі жастар ұйымдары бүгінгі жас буынның талап-тілектерін қаншалықты нақты жеткізе алып отыр?
- Орталық Азиядпғы жастар ұйымдарының даумына не кедергі болып отыр?
- Мемлекеттік жастар саясаты осы жас буынның өз қалауымен жасалатын істеріне мен бастамаларына қаншалықты қолдау көрсетуде?
Спикерлер:
- Вера Карпова, белсенді, Sarpa медиажобасының негізін қалаушы;
- Талғат Меңдібай, МИСК атқарушы директоры;
- Асылан Смагулов, «Голос молодежи» қоғамдық қорының директоры, саясаттанушы.