Новости

Тең сапалы білім алу: әркімнің құқы ма, әлде кейбіреуге берілетін артықшылық па?

Анонсы
12 қаңтар күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Тең сапалы білім алу: әркімнің құқы ма, әлде кейбіреуге берілетін артықшылық па?» атты талқылауға шақырады.

Орталық Азия мемлекеттерінде орта білім алу құқығы баршаға ортақ және конституция жүзінде бекітілген. Нәтижесінде аймақтағы балалардың барлығы дерлік мектеп білімімен қамтылған. Алайда, мемлекеттік мектептердегі білім беру сапасы әлі де төмен. 

Демографиялық өсім, оқушылар мен мұғалімдер арасында цифрлік сауаттылық мәселесі, ұстаздық кәсіптің беделі төмен екені, орта мектептердегі қаржыландырудың жеткіліксіздігі сияқты факторлар білім беру сапасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады.  Осыған байланысты Орталық Азиядағы сапалы білім алу мүмкіндігі аясында туындайтын теңсіздікті зерттеу маңызды. Бұндай сараптама білім беру саласындағы теңсіздік мәселелерін анықтап, оны төмендетуге бағытталған шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Ұзақ уақыт бойы сапалы білім беру мәселесі оқушылардың үлгеріміне қатысты болған. Алайда, мектептердің жабдықталуы мен оқуға жасалған жағдай аса талқылана қоймаған.  

PaperLab талқылау алаңы келесі шарасын орта білімдегі теңсіздік тақырыбына арнайды. Талқылау аясында PaperLab зерттеу тобы «Орталық Азия елдеріндегі орта білімдегі теңсіздік мәселесін өлшеу және осы бағыттағы саясатты өзгерту» тақырыбындағы  зерттеудің екінші кезеңінің нәтижелерімен бөліседі. Сонымен қатар, сапалы білім алу мүмкіндігіндегі теңсіздік Индексімен таныстырады. Индекс Қазақстандағы ең жақсы 10% және ең нашар жағдайдағы 10% мектептердің сапасын өлшеуді қамтиды. 

Талқылау сұрақтары:
  • Орта білімдегі теңсіздік мәселесіне қатысты мемлекеттік саясаттың басымдықтары қандай?
  • Білім алудағы теңсіздіктің төмендеуіне үкімет не істей алады? 
  • Білім алудағы теңсіздік мәселелерін шешуде азаматтық қоғамның ықпалы мен мүмкіндіктері қандай? Оны жүзеге асырудың жолдары қандай?
  • Білім беру саласына қатысты статистикалық ақпаратты ашық қылудың жолдары қандай?

Cпикерлер:
  • Камила Ковязина, PaperLab орталығының зерттеушісі;
  • Жасұлан Нұрбаев, аймақтану кафедрасының доценті, ЕҰУ;
  • Айжан Мадиходжаева, Peremena.media жобасының бас редакторы.

Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев. 

Уақыты мен орны: 
12 қаңтар, сағат 17:00 (GMT+6), ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

PaperLab Facebook парақшасында өткетін тікелей эфирді көріңіздер.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.