Кеңес Одағы мен оның мұрасының ізі толығымен өшті. Еліміз әлемдегі жағдайға бейімделе, өзгерістерге дайын болу маңызды жаңа кезеңге өту қарсаңында тұр. Билік азаматтарды «жаңа Қазақстанды» құруға шақырады, дегенмен қоғамның топтасуы мен азаматтық құндылықтардың қалыптасуына өткеннің зерттелмеген ортақ жарақаттары: қайғылы оқиғалардың себептері мен егжей-тегжейлері әлі күнге дейін ашылмағандығы, ашық талқылауға салынбауы кедергі.
13 сәуірде Астанада PaperLab «Қазақстанның 30 жыл тәуелсіздігі азаматтар көзімен: оқиғалар, рәміздер және қаһармандар» зерттеуінің нәтижелерін ұсынады. Тұсаукесер PaperLab баяндамасының нәтижелерін зерттеген белгілі сарапшылардың, жад саясатын зерттеушілердің қатысуымен өтетін пікірталасқа жалғасады. Олардың қатарында Михаил Акулов, Радик Темірғалиев, Күлшат Медеуова, Шалқар Нұрсейітов, Алмаш Тілеспаева бар. Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Бағдарлама келесі тақырыптарды қамтиды:
- Тәуелсіздіктің символдық мәні;
- Оқиғалар мен тұлғалар арқылы тәуелсіздіктің үш онжылдығы;
- Қазақстандықтардың көзімен- 30 жылдың қорытындысы және болашақтан күтетін үміт.
Талқылау әдеттегідей «сұрақ-жауап» бөлімімен аяқталады.
Барлығын қатысуға шақырамыз. Орындар саны шектеулі.
Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтыра аласыз.
Уақыты мен орны: 13 сәуір, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.