Қазақстан тарихы көптеген қарама-қайшы нарративтер тоғысатын алаң болып қалыптасуда, бұл — қоғамдағы түрлі топтардың тарихи тәжірибесінің әртүрлілігін көрінісі. Бұл кереғар интерпретациялар ресми тарихнамаға қарсы келіп қана қоймай, қоғамдағы буын арасында, этникалық және тілдік топтар ішінде де бар. Отаршылдық кезеңнің сипаты, 1930 жылдардағы ашаршылық апатының ауқымы, Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың рөлі сияқты тақырыптар ерекше қызу пікірталас тудырады.
Талқы алаңы аясында біз зерттеушілердің, ғалымдардың және қарапайым азаматтардың осы үрдісте қандай рөл атқаратынын талқылауды ұсынамыз: азаматтық қоғамның тарапынан өткеннің оң, әрі жаралы жағдайларын да мойындау арқылы ұжымдық жадыны құру және талқылау мүмкін бе? Депортацияланған халықтар мен осыған дейін тарихи баяндаудан шығарылған басқа топтардың дауыстары ескерілетін диалог кеңістігін қалай құруға болады? Ең бастысы — өткеннің көп дауысты, кейде кереғар бейнесі ортақ болашақтың негізі бола ала ма?
Талқылау сұрақтары:
Спикерлер:
Талқылау модераторы – Аружан Достай.
Уақыты мен орны:
29 мамыр, сағат 17:00, Кенесары көшесі, 8 үй, 14 қабат, 1405, Астана қ.
Қатысу үшін сілтеме арқылы тіркеліңіздер, орын саны шектеулі. Онлайн көрсетілім болмайды.
Талқылау Human Rights Hub-пен бірлесіп ұйымдастырылды.

- Өткеннің әділ, көп дауысты бейнесін қалай қалыптастыруға болады?
- Қоғамдық тарихтың қандай форматтары әртүрлі нарратив иелерінің арасында конструктивті диалогқа жағдай жасай алады?
- Елдегі депортацияланған және басқа да этникалық топтардың дауыстарын Қазақстанның тарихи нарративіне қалай қосуға болады?
Спикерлер:
- Сәуле Темірбаева, режиссер, сценарийші, тарихты зерттеуші;
- Берікбол Дукеев, саясаттанушы;
- Камила Ковязина, Paperlab зерттеушісі.