Новости

Қаңтардан қалған сұрақтар: қоғам қандай өзгерістерді күтеді?

Анонсы
Қаңтар трагедиясына байланысты қорытынды жасау қиын. Бір жағынан, қаңтар оқиғасы бойынша тұтқындаулар мен айыптаулар қоғамда саяси өмірге қатысу қорқынышы күшейтілді, ал екінші жағынан өзін-өзі ұйымдастыру, митингілер өткізу арқылы оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынына сенім көбейді.

Қазақстандық қоғамның саяси белсенділігінің катализаторы – жедел демократиялық өзгерістерге деген сұраныстың мықты екенін қаңтар тағы да дәлелдеді. Алайда конституциялық реформалардың мазмұны мен референдумның өзі бұл үмітті ақтай алмады. Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлау және Конституцияға жаңа өзгерістер енгізу туралы қыркүйектегі үндеуі елдегі демократиялық реформалардың қайтадан кейінге шегеріліп жатқанының белгісі болды.

Сәрсенбі, 28 қыркүйек күні PaperLab пікірталас алаңында «Қаңтардан қалған сұрақтар: қоғам қандай өзгерістерді күтеді?» атты пікірталас өтеді.

Талқылауға сұрақтар:
  • Қаңтар оқиғасының нәтижесі қандай?
  • Биліктің жаңа саяси бастамалары қазақстандықтардың үмітін қаншалықты ақтай алады? Қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтеді?
  • Қаңтардан кейін азаматтық белсенділік қалай өзгереді? Сайлауды бақылау қалай өтетін болады?

Cпикерлер:
  • Серік Ахметжанов, әлеуметтанушы, Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары,
  • Камила Ковязина, PaperLab зерттеушісі,
  • Сайкен Айсин, Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының сарапшысы,
  • Арайлым Назарова, белсенді, «Тәуелсіз Бақылаушылар» қоғамдық ұйымының төрайымы.

Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.

Уақыты мен орны: 
28 қыркүйек, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Барлығын қатысуға шақырамыз. Тіркелу формасын толтыруларыңызды сұраймыз. 

PaperLab Facebook парақшасында таратылатын тікелей эфирді қараңыз.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.