Қазақстанда ел азаматтарын «қазақстандықтар» әлде «қазақтар» деп атау керектігі жөнінде пікірталас бұрыннан бері жүріп келеді. Кең қолданысқа енген «қазақстандықтар» ұғымы әдетте өзінің жасандылығы және елдің тарихи контекстіне сай келмейтіндігі үшін жиі сыналады. Дегенмен, біртұтас «қазақ ұлты» идеясына да қарсылық бар, себебі бұл адамдардың этномәдени кімдігін жоққа шығару ретінде қабылданады.
Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясындағы мемлекеттегі барлық азаматтар біртұтас қазақ отбасының, яғни ұлтының мүшелері деген сөзі бұл талқыға жаңа серпін берді. Президент баяндамасынан соң ұлтқұру саласында мемлекеттік бағдарлама жасалады және төлқұжаттағы «ұлт» бағаны алынып тасталады деген сөз шықты. Дегенмен, мұндай бастамалардың нақтыланбауы және түсіндірілмеуі бұл саладағы мәселелерді ушықтыра түседі.
Осыған орай PaperLab алаңында Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік және саяси жағдайда «қазақ ұлты» идеясын жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды талқылауды ұсынамыз.
Талқылау сұрақтары:
Cпикерлер:
Талқылау модераторы – Камила Смагулова.
Уақыты мен орны:
28 маусым, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.

- «Қазақтар» ұғымы ел азаматтарын біріктіретін политонимге айналуы мүмкін бе?
- ҚР жеке куәліктерінде «ұлт» категориясының рөлі қандай? Бұл бағаннан жалпыға ортақ «қазақ» кімдігін құру үшін бас тарту қажет пе?
- Қазақстан үшін азаматтық/ ұлттық кімдіктің символдары қандай? Ұлтқұрудың басты идеясы не болуы қажет?
- Ұлтқұру жайында азаматтық қоғамды қамтитын горизонтал талқылауды қалай жүзеге асыруға болады?
- Кімдік саясатын қалыптастыруда зерттеулердің рөлі қандай?
Cпикерлер:
- Аяулым Сағынбаева, демограф, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты;
- Ғалым Жүсіпбек, әлеуметтік ғылымдар кафедрасы доценті, Сүлеймен Демирель атындағы университет;
- Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы;
- Ғазиз Әбішев, саяси шолушы.