Новости

Қызылша әлегі: Қазақстанда иммундау жүйесі неге дұрыс жұмыс істемейді?

Анонсы
31 қаңтар күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Қызылша әлегі: Қазақстанда иммундау жүйесі неге дұрыс жұмыс істемейді?» атты талқылауға шақырады.

Қазақстанда өршіп тұрған қызылша ауруы қолданыстағы иммундау жүйесінің тиімділігіне күмән туғызады. Жоспарлы вакцинация мен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына деген үмітке қарамастан, елде жаңа жағдайлар тіркелуде. Бұл денсаулық сақтау саласы мен халықтың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар ауқымды мәселе бойынша қоғамдық алаңдаушылық туғызып отыр.

Қоғамдық алаңда қызылшаның кең таралуының себебі ретінде азаматтардың вакцинациядан қашқақтауы және ақпарат алу деңгейінің төмендігін қарастыруға басымдық берілген. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, осы тұста елдегі иммунизация саясатындағы жүйелі кемшіліктер, атап айтқанда, жаппай вакцинация кезінде балаларды есепке алу жүйесінің тиімсіздігі мен дәрігерлер тарапынан берілетін жалған медициналық қарсылықтар әлдеқайда маңызды рөл атқарады. Қазақстан жағдайында бұл факторлар жиі назардан тыс қалып, соның салдарынан қызылшаның алдын алу жоспарының одан да тиімдірек нұсқасын жасау мүмкіндігі шектеліп отыр.

Paperlab алаңында біз туындаған эпидемиологиялық жағдайды, оның ішінде иммундаудағы жүйелі мәселелер мен қызылшаға қарсы вакцинация саясатында ғылыми тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін талқылаймыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Қызылшаға қарсы тұруда билік органдары мен медициналық қауымдастық қандай қиындықтарға тап болуда және оларды қалай шешуге болады?
  • Елдегі қызылшаның таралуын бақылау жүйесінің басты кемшіліктері неде және оны жақсартуда қандай шешімдер көмектесе алады?
  • Қоғамның вакцинация мен ақпараттық науқанға сенімін арттыру үшін не істеу керек?

Спикерлер:
  • Манар Смағұл, ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрайымы;
  • Бауржан Жүсіпов, Денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларын үйлестіруші, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ;
  • Гүлзада Бариева, талдаушы, Денсаулық сақтау сарапшылары қауымдастығы;
  • Ботагөз Кәукенова, MD, резидент-хирург, Medsupport.kz басшысы.

Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.

Уақыты мен орны:
31 қаңтар, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Онлайн көрсетілім қарастырылмаған. Офлайн қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.