Новости

Отарсыздану және поляризация: Украинадағы соғыстың Қазақстанға әсері

Анонсы
22 ақпан күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Отарсыздану және поляризация: Украинадағы соғыстың Қазақстанға әсері» атты талқылауға шақырады.

Украинадағы соғыс Қазақстанға жан-жақты ықпал етті. Бір жағынан, соғысқа және оның себептеріне қатысты қоғамның полярлануы байқалады. Сауалнамаларға сүйенсек, азаматтардың айтарлықтай бөлігі Ресейді қолдайтынын ашық білдіреді. Десе де, Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған түрлі бастамаларды қолға алып жатқан азаматтық қоғамның жұмыла түскені байқалады.

Сонымен бірге, Украинадағы соғыс Қазақстан қоғамындағы түбейгейлі өзгерістерге себеп болып отыр. Жанжал басталғалы Қазақстанда өзін-өзі идентификациялау және ұлттық сана мәселелері бұрынғыдан да өзекті бола бастады. Украинадағы жағдайды талқылау арқылы қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін де қайта сүзгіден өткізеді. Көбіне ғылыми қауымдастықта тараған «қазақтар мен қазақстандықтар», ұлттық бірегейліктің анықтауыштары және ұжымдық жад сияқты тақырыптар медиа мен поп-мәдениетте да кең талқыға ие болды. Осыған орай 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Қазақстан қоғамында қандай өзгерістер жүріп жатқандығын анықтау қажеттілігі туындайды.

PaperLab талқылау алаңы кезекті отырысын Украинадағы соғыс басталғалы бері Қазақстан қоғамында орын алған өзгерістерді талқылауға арнайды. Біз тақырыпты сауалнамалар, әлеуметтік желілердің контент сараптамасы және қазақ тілінің қолданысы жөніндегі ақпаратқа сүйеніп тарқатуды ұсынамыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Қазақстан азаматтарының Украинадағы соғысқа деген көзқарастары қандай? Ой-пікірлердің поляризациясы немен байланысты?
  • Украинадағы соғыс Қазақстан қоғамындағы отарсыздану үдерістеріне қандай әсер етті?
  • Өнер қауымы соғыс тақырыбында қандай рефлексия жүргізеді? Медиа, әдебиет және көркем өнер салаларында бұның көріністері қандай?
  • Ресей мен Батыс елдерінің арасындағы қақтығыстар аясында Қазақстан қоғамында тағы қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?

Cпикерлер:
  • Айнаш Мұстояпова, филолог;
  • Адиль Джалилов, журналист MediaNet/ Factcheck.kz;
  • Индира Алибаева, әлеуметтік антрополог, Саяси шешімдер орталығы;
  • Тимур Нусимбеков, документалист,​ adamdar.ca.

Талқылау модераторы – Камила Смагулова, саясаттанушы, PaperLab.

Уақыты мен орны:
22 ақпан, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

PaperLab Facebook парақшасында өтетін тікелей эфирді көріңіздер.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрсетілген, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.