Новости

Making new experts 3.0 тренингтердің екінші бөлімі

2022-04-12 14:47 Новости
9-10 сәуірде Астанада Making New Experts 3.0 жобасының зерттеушілеріне арналған тренингтердің екінші бөлімі өтті.

MediaNet халықаралық журналистика орталығының медиа сарапшысы, Factcheck.kz сайтының негізін қалаушы Адиль Джалилов медиа мәтіндердің қалай жасалатынын, олардың академиялық жұмыстардан айырмашылығы туралы айтып берді. Тренингте қатысушылар әлеуметтік желілерге пост жазу дағдыларын жетілдірді, БАҚ-тағы мақалаларға тақырып құруды, тіпті мемдарды жасауды үйренді.

Подкастер, продюсер, маркетинг маманы Марина Шарипова әлеуметтік желілерде жеке брендті дамыту тәжірибесімен бөлісті. Тренингте қатысушылар ғылыми-зерттеу белсенділігін әлеуметтік желілерде қалай көрсетуге болатынын, даму стратегиясы мен контент жоспарын қалай құру керектігін атап өтті. Олар сондай-ақ жоспар дайындауды күнделікті жұмыс жоспарына енгізуге жаттықты.

Тренинг жобаның алғашқы үш айындағы нәтижелерін талқылаумен, табыстар мен алдағы жоспарларды қорытындылаумен аяқталды.