13 қыркүйек күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Қазақстандағы су дағдарысы: су ресурстарын тиімді басқарудың жолдары қандай?» атты талқылауға шақырады.
Су ресурстарының тапшылығы мəселесі Қазақстанда жылдан жылға ушығып барады. Өзендер деңгейінің төмендеуі мен көрші елдерден судың жеткіліксіз көлемде берілуінен ауыл шарушылығы зардап шегіп отыр. Елдің экожүйесіне жəне құрғақ климатты өңірлердің тұрғындарына зор қауіп төніп тұр. БҰҰ мамандары жеті жылдан соң елдегі су тапшылығы жалпы қажеттіліктердің 40%-ын құрайды деп болжайды.
Су тапшылығын әдетте жаһандық климаттық өзгерістер мен Орталық Азия аймағындағы өзендер жəне су қоймаларының жағдайымен байланыстырады. Алайда, мемлекет осы бағытта жүргізетін саясаттың да ықпалы зор. Соңғы жиырма жылда Қазақстан үкіметі су мəселесін шешудегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырды, су ресурстарын тиімді басқарудың түрлі шешімдерін ұсынды. Десе де, бүгінгі таңда елдегі су дағдарысын алдын алу жолға қойыламағаны анық.
PaperLab алаңында біз су ресурстарын басқарумен байланысты қалыптасқан жағдайды, сонымен қатар, бұл дағдарыстың елдегі жəне аймақтағы əлеуметтік, экономикалық, саяси салдарын талқылаймыз.
Талқылау сұрақтары:
Cпикерлер:
Талқылау модераторы — Камила Смагулова.
Уақыты мен орны:
13 қыркүйек, сағат 17:00, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 8А, ParkInn қонақ үйі.
Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

- Қазақстандағы су дағдарысының себептері неде жəне бұл мəселенің ауқымы мен сипаты қандай?
- Қазақстанда су ресурстарын тиімсіз басқарудың факторлары қандай? Жаңа министрлік бұл мəселені шеше алады ма?
- Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасы су дағдарысымен күресуге мүмкіндігі бар ма?
- Су дағдарысының əлеуметтік, экономикалық жəне экологиялық салдары қандай?
- Су ресурстарына қатысты мəселелерді көтеру жəне оларды шешу жолында азаматтық қоғам не істей алады?
Cпикерлер:
- Жания Хайбуллина, зерттеуші, Narxoz университеті;
- Шыңғыс Зипатолла, зерттеуші, дүнижүзі тарихы мен халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы;
- Камшат Тусупова, Сәтбаев Университеті ректорының су қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі;
- Айгерім Карибай, су шаруашылығы мен гидротехникалық инженерия маманы.