Новости

Жылдың қорытындысы 2022

Новости
Бұл жыл эмоциялық тұрғыдан бізге ауыр тиді. Алдымен Қаңтар, кейін Украинадағы соғыс күнделікті өміріміздің астаң кестеңін шығарды. Ақырзаман төніп тұрғандай күй кешкендіктен зерттеумен айналысудың мәні жоғалғандай еді. Соған қарамастан PAPERLAB тобы бұл жылды жақсы нәтижелермен аяқтады.

2022 жылы біз бірнеше үлкен жобаны жүзеге асырдық. Олар күрделі далалық зерттеулер мен көлемді аналитикалық баяндамаларды қамтыды.
Біз Денсаулық сақтау саласының сарапшылары ассоциациясымен бірігіп «Иммундаудан кейінгі жанама әсерлер мен жалған медициналық себептерге қатысты бас тартуды тіркеудің қазіргі жағдайының бағасы» атындағы  денсаулық саласындағы ең алғашқы зерттеуімізді жүргіздік. Біздің еңбегіміз Денсаулық сақтау министрлігі мен UNICEF-тің жоғары бағасына ие болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жыл кезеңі қоғамда қалай қабыладанатынын зерттеу арқылы біз өзіміз үшін тарихи жады мен жады саясаты секілді жаңа зерттеу бағытын аштық. Бұл тақырыптағы зерттеудің маңызы жылдан жылға өсе береді деген сенімдеміз.
UNDP тапсырысымен Орталық Азиядағы  әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу архитектурасын анықтауға бағытталған аймақтық зерттеу бізге үлкен сынақ болды. Бұл біздің аймақтағы бүкіл елдерді қамтыған екінші жобамыз.


Open Society Foundation қолдауымен өтіп жатқан екі көлемді жобамыз аяқталуға жақын. Олар «Қазақстандағы Қытай инвестициялық жобаларына деген көзқарас» және «Орталық Азиядағы білім саласындағы теңсіздік индексін дамыту». Екі жобада да біз осы саладағы эксперттерге қол жеткізуде қиыншылықтарға тап болдық. Алайда зерттеу нәтижелеріне көп үміт артудамыз.
Сонымен қатар бірнеше шағын зерттеулер жүргіздік: азаматтық белсенділік туралы Назарбаев Университет үшін өткізілген сұхбаттар; Еуразия Орталық Азия қоры үшін өткен әйелдер мен жастардың азаматтық технологияларды қолдануын бағалау; UNICEF үшін өткен екпелерді сақтау мен тасымалдау жүйесі туралы зерттеу; Think Tank Forum аясында өткен аналитикалық орталықтардың жағдайын зерттеу; UNDP үшін өткен жастар мұқтаждықтарын анықтау жобасы және тағы басқа. 


Өз қаржымызға өтіп жатырған Қаңтар оқиғалары туралы жоба да аяқталуға жақын.

NED-пен бірігіп біз осы жылы Making New Experts жобасының үшінші түлектерін шығардық және көпшілік ортада тағы бірнеше жарқын есімдердің пайда болғанына қуандық.
Біз Eurasia Foundation және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен өткен Think Tanks Forum-ды мақтан тұтамыз. Қысқа мерзімде аймақтың бүкіл елінен аналитикалық орталықтардың 60-тан астам өкілдерін жинай алдық және ұйымымыздың 5 жылдығын атап өттік.
Өзара әрекеттесу және команданың қолдауының арқасында іс-шара аса жоғары деңгейде өтті.


Біздің флагман жобамыз – PAPERLAB TALKS  пікірталас алаңына 7 жыл толды, бізді осы жылдар бойына Сорос-Қазақстан қоры қолдап келеді. Осы жылы біз 9 пікір алмасу шараларын өткіздік және дискуссия форматын жақсартып дамытуды жалғастырып келеміз - қазір пікірталастарды жақсы сапада субтитрлармен подкаст түрінде тыңдап, көруге болады.
Жыл соңы Dope Söz-бен бірге өткен жобалармен қуантты, біз отарсыздандыру туралы подкасттар сериясын бастадық. Оның екі сериясын 60 мыңға жуық адам қарап шықты.


Және осы жылы біз ребрендинг жасап, өзімізді жаңа форматта Жанна Прашкевичпен бірге сессия фасилитаторлары ретінде сынап көрдік, аудитке дайындалдық, көп үйрендік те, үйреттік те. Осы және басқа да хабарлар туралы біз келесі жылдың басында жылдық қорытынды кезінде жазамыз.

Достар, осы ұзақ жылды бізбен бірге өткізгендеріңізге үлкен рахмет! Келесі жылда аспанымыз бейбіт болсын, өз-өзімізді дамытуға, кәсіби шеберлігімізді арттыруға мүмкіндіктер көп болсын!