Соңғы жиырма жылда қазақстандық журналистика мемлекеттің қатты қысымымен дамыды. Сондықтан журналистика ашықтық пен кәсібиліктің емес, үгіт-насихаттың көрінісіне айналды.
Алайда, қоғам басқа журналистиканы талап етеді: ол жаңалықтарға ғана толы емес, сонымен қатар азаматтарды талқылауға тартатын, сыртқы үгіт-насихат астында билігі бар топтардың емес, азаматтардың мүдделерін қорғай алатын журналистика. Дегенмен, бір жағынан қуғын-сүргін қаупі айқын, екінші жағынан тек мемлекеттік тапсырысты орындау арқылы оңай табыс табу мүмкіндігі бар жағдайда ашық журналистика қалай дами алады деген сұрақ туындайды.
25 қазанда «Азаттық жолында: Қазақстанға қандай журналистика керек?» тақырыбындағы PaperLab пікірталас алаңына қатысуға шақырамыз.
Талқылауға сұрақтар:
Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Уақыты мен орны:
25 қазан, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Барлығын қатысуға шақырамыз. Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.
PaperLab Facebook парақшасында таратылатын тікелей эфирді қараңыз.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.