Алайда, қоғам басқа журналистиканы талап етеді: ол жаңалықтарға ғана толы емес, сонымен қатар азаматтарды талқылауға тартатын, сыртқы үгіт-насихат астында билігі бар топтардың емес, азаматтардың мүдделерін қорғай алатын журналистика. Дегенмен, бір жағынан қуғын-сүргін қаупі айқын, екінші жағынан тек мемлекеттік тапсырысты орындау арқылы оңай табыс табу мүмкіндігі бар жағдайда ашық журналистика қалай дами алады деген сұрақ туындайды.
25 қазанда «Азаттық жолында: Қазақстанға қандай журналистика керек?» тақырыбындағы PaperLab пікірталас алаңына қатысуға шақырамыз.
Талқылауға сұрақтар:
- Неліктен Қазақстанда журналистикаға мемлекет тарапынан да, азаматтар тарапынан да сыни көзқарас қалыптасқан?
- Қаңтар оқиғасынан кейін, және Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан журналистикасы өзгерді ме?
- Бізде мықты әрі еркін журналистика болуы үшін мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан қандай шаралар қажет?
Cпикерлер:
- Динара Егеубаева, журналист;
- Жолдас Өрісбай, журналист, КАЗГЮУ журналистика пәнінің оқытушысы;
- Зарина Ахматова, журналист, медиакеңесші;
- Жанар Тулиндинова, саяси шолушы.
Уақыты мен орны:
25 қазан, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Барлығын қатысуға шақырамыз. Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.
PaperLab Facebook парақшасында таратылатын тікелей эфирді қараңыз.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.