24 шілде күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Қазақстандағы онлайн петициялар: жалған үміт әлде шынайы ықпал ету құралы?» атты талқылауға шақырады.
Қазақстанда жаңадан енгізілген онлайн петициялар институты қызу талқыға түсті. Тоқаевтың саяси реформаларының бір бөлігі ретінде бұл бастама әуелде азаматтық қатысу құралы және делиберативті демократия көрінісі ретінде ойластырылған еді. Алайда қажет қол санын жинаған петицияларды қарастыруда қол жеткізілген алғашқы нәтижелер жалпы механизмнің шынайы тиімділігіне қатысты күмән туғызуда.
Петицияларды қарастыру процесінің ашықтығы және барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарту мәселелері утилалымды жою жөніндегі топ жұмысынан көрініс тапты. Петиция қабылданбай, артынша бұл шешім қоғам сынына ілікті. Ағымдағы ЛГБТИК+ үгіт-насихатына тыйым салу туралы петицияның қаралуы да кейбір бастамалардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі және олардың елдегі құқықтық институттарға тигізер әсеріне қатысты алаңдаушылық туғызуда.
Paperlab алаңында біз онлайн петицияларды қарастырудың бүгінгі құрылымын талқылап, бұл институттың азаматтардың саясатқа қатысу құралына айналуы үшін қажет нормалық мен тәжірибелік өзгерістерді қарастырамыз.
Талқылау сұрақтары:
Спикерлер:
Талқылау модераторы – Камила Смағұлова.
Уақыты мен орны:
24 шілде, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Офлайн қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

- Петицияларды бірыңғай мемлекеттік epetition.kz платформасы негізінде қарау мен модерациялау шешімінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
- Заңнамаға және петиция институты көтере алатын сұрақтар тізіміне қатысты талаптарға сәйкес петицияларды модерациялау мен арнайы жұмыс топтарын ұйымдастыру іс-шараларының ашықтығын қалай бағалауға болады?
- Белсенділер онлайн петициялар арқылы өз идеяларын ілгерілету үшін қандай құралдарды пайдаланады?
- Онлайн петициялар жүйесінің тиімділігін арттыру үшін қандай заңнамалық және тәжірибелік өзгерістер қажет?
Спикерлер:
- Татьяна Чернобиль, заңгер, адам құқығы саласындағы халықаралық құқық кеңесшісі;
- Камилла Асхат, Paperlab зерттеушісі;
- Амангелді Шорманбаев, құқық қорғаушы.