Новости

Қазақстан саясатындағы әйел үні

Анонсы
22 желтоқсан күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Қазақстан саясатындағы әйел үні» атты талқылауға шақырады.

Қазақстанда әйелдердің саясатқа араласуы әкімшілік-ұйымдастырушылық жұмыспен шектелген, ал басқарушы рөлдерде әйелдердің үлесі әлі де төмен. Тәуелсіздік жылдарында тек қана бір әйел облыс әкімі атанды, ал президенттік сайлау тарихында үміткеркерлердің үшеуі ғана әйелдер. Олардың екеуі 2022 кезектен тыс сайлауға қатысты. 

Бүгін әйелдердің саясатқа қатысуының маңызы аса зор. Шешім қабылдауда гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу маңызды, себебі әйелдер қоғамның тең жартысын құрайды. Әсіресе зорлық-зомбылық, жалақы мөлшеріндегі теңсіздік мәселелері әйелдердің шешім қабылдауға араласуын ерекше қажет етеді. Осындай өзгерістер тұрақты азаматтық қоғамның орнығуына ықпал етеді. Осы орайда, саясаттағы әйелдердің ролі, олардың ықпалын арттыру жолдары және басқарушы  әйелдерді қоғамның қалай қабылдайтыны ашық мәселе ретінде қалып отыр.

Талқылау сұрақтары:
  • Қазақстанда әйелдердің саясатқа қатысуы мен саясаттағы өкілдігіне байланысты негізгі қиындықтар қандай?
  • Қазақстандағы әйелдердің саясатқа қатысуының көрінісі қандай?
  • Әйелдерді саясатқа тартудың тиімді жолдары қандай?  
  • Болашақта әйелдердің саясатқа қатысуында қандай өзгерістер болуы мүмкін? 2022 кезектен тыс сайлаудың бұл үдеріске қалай әсер етті? Гендер тақырыбының сайлау кампаниясында орны қандай?

Cпикерлер:
  • Гүлзада Сержан, «Феминита» негізін қалаушыларының бірі, әйел құқығын қорғаушы;
  • Азиза Шужеева, әйелдер істері жөнiндегi  Ұлттық комиссия мүшесі, TechnoWomen президенті;
  • Әсем Жапишева, журналист, сценарист, саяси белсенді;
  • Назым Жанғазинова, медиа-коммуникация саласының эксперті.

Талқылау модераторы – Камила Смағұлова. 

Уақыты мен орны: 
22 желтоқсан, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

PaperLab Facebook парақшасында өткетін тікелей эфирді көріңіздер.

Талқылау Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен PaperLab зерттеу орталығы «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия қорымен және ITeachMe ҚҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады.