Paperlab біздің ұжымымыздың жұмысын жариялайтын, ұйымның әлеуметтік желілердегі брендін қалыптастыратын, сондай-ақ коммуникация стратегиясын жетілдіріп, БАҚ-пен жұмыс жүргізетін медиа-менеджерін іздеуде.
Міндеттері:
ұйымның Instagram, Facebook, Twitter, Telegram-арна, YouTube, TikTok, LinkedIn аккаунттарына жазбаларды дайындау мен жариялау, соның ішінде аудиториямен кері байланыс жүргізу;
Paperlab сайтына жазбаларды дайындау және email-жіберілімді ұйымдастыру;
медиа-стратегияны құрастыру және оны әрбір зерттеу жобасына кіріктіру (жарияланымдарды жүйелі түрде жоспарлау, контент формасын таңдау);
әлеуметтік желілер үшін контент-жоспар құрастыру және ұжым мүшелерімен бірге Paperlab-тың танылу деңгейін көтеру бойынша идеяларды іздестіру;
БАҚ және басқа да медиа-серіктестермен жұмыс жасау (біздің жұмыс жайлы мақалалар мен жарияланымдарды дайындау, зерттеушілерімізбен бірге өтетін комментарий/сұхбат ұйымдастыру);
Paperlab зерттеушілерінің қоғамдық сарапшылар ретінде ілгерілеуіне қолдау көрсету;
жаңа медиа-өнімдер мен бағыттарды іздеу және жетілдіру;
жүйелі медиа-дайджесттерді, әрі жылдық есепті дайындау;
жұмыс графикалық дизайнермен, іс-шаралардың бейнетүсірілім тобымен және Paperlab жоба менеджерлерімен тығыз қарым-қатынасты талап етеді.
Талаптар:
қазақ және орыс тілдерін еркін және сауатты түрде меңгеру, ағылшын тілі B2 деңгейінде не одан жоғары;
әлеуметтік желілерде жазба/мақала жазу және аудиториямен кері байланыс жүргізу тәжірибесі (3 жылдан кем емес);
жанасқыштық, үлкен ұжымда жұмыс істей алу, медиа және серіктестермен жұмыс жүргізу қабілеті;
медиа-трендтардан жақсы хабардар болу және осы салада визуалды жаттыққандыққа (насмотренность) ие болу;
жақсы аналитикалық қабілеттер: үлкен мәтіндермен жұмыс істей білу және ақпаратты қарапайым тілмен жеткізе білу;
жаңалықтардағы өзекті тақырыптардан хабардар бола білу және өзекті оқиғаларды (инфоповод) қадағалай білу;
мемлекеттік саясат саласына, әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер мен үкіметтік емес секторының жұмысына деген қызығушылық;
қалыптан тыс ойлай алу, бастамашылдық және креативтілік;
ұйымның барлық іс-шараларына қатысу қажет болғандықтан Астанада тұру міндетті; іссапар мүмкіндігі бар (жылына 3-4 рет);
кеңседе немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;
кәсіби дамуда қолдау көрсету (біліктілік арттырудың қысқа курстарына қатысу шығындарын төлеу);
ұжыммен апта сайынғы онлайн лездемеге міндетті түрде қатысу (орта есеппен алғанда аптасына 3 сағат).
Өтінім беру бойынша нұсқаулық: Қызығушылық танытқан үміткерлер өтінім беру формасын 29 ақпан күнін қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін (GMT+6) сілтеме бойынша толтыра алады. Өтінім алдыңғы жұмыс тәжірибесінің сипаттамасын, жасалған жұмыс үлгісін/ мысалдарын, сіздің релевантты біліміңіз бен мотивацияңыз туралы сұрақтарды қамтиды (өтінімді толтыру уақыты шамамен 30-60 мин). Сұрақтарыңыз болса, info@paperlab.kz электрондық поштасына жазуыңызға болады.