Новости

Бос жұмыс орны: Медиа-менеджер

Анонсы
Paperlab біздің ұжымымыздың жұмысын жариялайтын, ұйымның әлеуметтік желілердегі брендін қалыптастыратын, сондай-ақ коммуникация стратегиясын жетілдіріп, БАҚ-пен жұмыс жүргізетін медиа-менеджерін іздеуде.

Міндеттері:
  • ұйымның Instagram, Facebook, Twitter, Telegram-арна, YouTube, TikTok, LinkedIn аккаунттарына жазбаларды дайындау мен жариялау, соның ішінде аудиториямен кері байланыс жүргізу;
  • Paperlab сайтына жазбаларды дайындау және email-жіберілімді ұйымдастыру;
  • медиа-стратегияны құрастыру және оны әрбір зерттеу жобасына кіріктіру (жарияланымдарды жүйелі түрде жоспарлау, контент формасын таңдау);
  • әлеуметтік желілер үшін контент-жоспар құрастыру және ұжым мүшелерімен бірге Paperlab-тың танылу деңгейін көтеру бойынша идеяларды іздестіру;
  • БАҚ және басқа да медиа-серіктестермен жұмыс жасау (біздің жұмыс жайлы мақалалар мен жарияланымдарды дайындау, зерттеушілерімізбен бірге өтетін комментарий/сұхбат ұйымдастыру);
  • Paperlab зерттеушілерінің қоғамдық сарапшылар ретінде ілгерілеуіне қолдау көрсету;
  • жаңа медиа-өнімдер мен бағыттарды іздеу және жетілдіру;
  • жүйелі медиа-дайджесттерді, әрі жылдық есепті дайындау;
  • жұмыс графикалық дизайнермен, іс-шаралардың бейнетүсірілім тобымен және Paperlab жоба менеджерлерімен тығыз қарым-қатынасты талап етеді.

Талаптар:
  • қазақ және орыс тілдерін еркін және сауатты түрде меңгеру, ағылшын тілі B2 деңгейінде не одан жоғары;
  • әлеуметтік желілерде жазба/мақала жазу және аудиториямен кері байланыс жүргізу тәжірибесі (3 жылдан кем емес);
  • жанасқыштық, үлкен ұжымда жұмыс істей алу, медиа және серіктестермен жұмыс жүргізу қабілеті;
  • медиа-трендтардан жақсы хабардар болу және осы салада визуалды жаттыққандыққа (насмотренность) ие болу;
  • жақсы аналитикалық қабілеттер: үлкен мәтіндермен жұмыс істей білу және ақпаратты қарапайым тілмен жеткізе білу;
  • жаңалықтардағы өзекті тақырыптардан хабардар бола білу және өзекті оқиғаларды (инфоповод) қадағалай білу;
  • мемлекеттік саясат саласына, әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер мен үкіметтік емес секторының жұмысына деген қызығушылық;
  • қалыптан тыс ойлай алу, бастамашылдық және креативтілік;
  • қоғамдық/әлеуметтік «жаңа» этика мәселелерінен хабардар болу.

Шарттар:
  • толық жұмыс уақыты (аптасына 40 жұмыс сағаты);
  • айлық жалақы (брутто): 400 000 теңге;
  • ұйымның барлық іс-шараларына қатысу қажет болғандықтан Астанада тұру міндетті; іссапар мүмкіндігі бар (жылына 3-4 рет);
  • кеңседе немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • кәсіби дамуда қолдау көрсету (біліктілік арттырудың қысқа курстарына қатысу шығындарын төлеу);
  • ұжыммен апта сайынғы онлайн лездемеге міндетті түрде қатысу (орта есеппен алғанда аптасына 3 сағат).

Өтінім беру бойынша нұсқаулық: Қызығушылық танытқан үміткерлер өтінім беру формасын 29 ақпан күнін қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін (GMT+6) сілтеме бойынша толтыра алады. Өтінім алдыңғы жұмыс тәжірибесінің сипаттамасын, жасалған жұмыс үлгісін/ мысалдарын, сіздің релевантты біліміңіз бен мотивацияңыз туралы сұрақтарды қамтиды (өтінімді толтыру уақыты шамамен 30-60 мин). Сұрақтарыңыз болса, info@paperlab.kz электрондық поштасына жазуыңызға болады.