Новости

Серіктестер мен басымдықтар: қазақстандықтар сыртқы саясаттан не күтеді?

2026-01-16 21:46 Анонсы
Құрметті қатысушылар, іс-шара өтетін алаңның шектеулеріне байланысты тіркеу формасын жабуға мәжбүр болдық. Тіркеліп үлгерген қатысушыларымызды іс-шарада күтеміз. Қалғандарыңызды біздің YouTube арнадағы онлайн көрсетілімге шақырамыз.
23 қаңтар күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Серіктестер мен басымдықтар: қазақстандықтар сыртқы саясаттан не күтеді?» атты талқылауға шақырады.

Қазіргі әлемде тұрақсыздық күшейіп отырған шақта сыртқы саясат қоғам өміріндегі маңызды тақырыптардың біріне айналды. Украинадағы соғыс, санкциялық дағдарыстар және халықаралық деңгейдегі шиеленістер мемлекеттің сыртқы саяси шешімдері халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететінін көрсетті. Бұл ықпал тек экономикалық жағдаймен немесе тұтыну бағаларымен шектелмей, елдің қауіпсіздігіне, шекаралардың беріктігіне және болашақ даму бағытына дейін барып тіреледі.

Сонымен бірге, Қазақстанда сыртқы саясаттың қоғамдық санада қалай қабылданатыны жөніндегі зерттеулер әлі де аз, ал осы тақырыпты кеңінен әрі мазмұнды түрде талқылайтын ашық алаңдар жеткіліксіз. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында біз ашық талқылау аясында әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, сарапшыларды, мемлекеттік құрылымдар өкілдерін және қоғамның әртүрлі топтарын ортақ пікір алмасуға шақырамыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Қазақстандықтар елдің сыртқы саясатын қалай қабылдайды? Қоғамда қандай үміттер, алаңдаушылықтар мен сұрақтар басым?
  • Қоғамның түсінігінде мемлекеттің сыртқы саясаты қандай болуы керек? Азаматтар оның басты мақсаттары мен басымдықтарын неден көреді?
  • Қазіргі сыртқы саясат азаматтардың нақты мүдделері мен күнделікті қажеттіліктеріне қаншалықты сай келеді? Ресми бағыт пен қоғамдық үміттер арасындағы негізгі қайшылықтар қай тұста байқалады?
  • Қазақстанда ішкі саясат пен сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістер сыртқы саяси шешімдерге қалай ықпал етеді?

Спикерлер:
  • Анастасия Решетняк, Paperlab зерттеушісі;
  • Әсел Битабар, халықаралық қатынастар саласындағы зерттеуші;
  • Жәнібек Арынов, Назарбаев университетінің ассистент профессоры, халықаралық қатынастар саласының зерттеушісі;
  • Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының (IWEP) сарапшысы.

Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.

Өтетін уақыты мен орны:
23 қаңтар, сағат 17:00, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 8а, 2-қабат.